ОРАЛДЫҢ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢА НЫСАНМЕН ТОЛЫҒАДЫ
Орал қаласында көлік қатынасын жақсартуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Шаған өзені арқылы өтетін жаңа көпір «Ақжайық» шағынауданын қаланың негізгі бөлігімен жалғайды. Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев нысандағы жұмыстардың қарқыны мен сапасын назарға алды.
Жаңа өткелдің ұзындығы 220 метр, ені 14 метр болады. Төрт жолақты көпір арқылы тәулігіне 30 мыңға жуық автокөлік өткізу көзделген. Көпірге жалғасатын автомобиль жолдарын қоса алғанда, құрылыс жобасының жалпы ұзындығы 4,3 шақырымды құрайды. Жаңа бағыт «Ақтөбе-Орал» автожолына қосылады.
Қазір құрылыс алаңында негізгі жұмыстардың бірі – көпірдің іргетасын бекіту. 15-18 метр тереңдікке 134 қада қағу жоспарланған. Өзеннің жайылмасы арқылы өтетін жол бөлігінде қажетті топырақ төселіп, аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Нысан басында 20-ға жуық жұмысшы еңбек етіп, 35 техника іске қосылған.
Жобаның жалпы құны шамамен 35,8 млрд теңге. Құрылыс EPC келісімшарты аясында жүзеге асырылуда. Нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Жаңа көпірдің маңызы «Ақжайық» шағынауданының даму жоспарымен де тікелей байланысты. Алдағы уақытта мұнда 70 мыңға жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Шағынауданда 60-қа жуық әлеуметтік нысан салу көзделген. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын алдын ала дамыту қала құрылысының маңызды бағыттарының біріне айналып отыр.
Облыс әкімі құрылыс барысын бақылау кезінде нысанның сапасына басымдық беруді тапсырды. Оның айтуынша, көлемі ауқымды жобада жұмыстардың әр кезеңі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы қажет.
Жаңа көпір іске қосылғаннан кейін қаланың шеткі аумақтары мен орталығы арасындағы көлік байланысы нығайып, «Ақжайық» шағынауданының қала инфрақұрылымына кірігуіне мүмкіндік артады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?
ЦИК: на избирательных участках созданы все условия для лиц с особенными потребностями
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері
Қазақстанның атом саласын дамыту – энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс
Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті
Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын аяқтап жатыр
ЦИК: в День выборов будет открыто свыше 10 тысяч избирательных участков
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны

Кіру

