8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2026 47 0
Құрылтай-2026

Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді

Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық кеңістікте фейктер мен арандатушылық материалдардың таралуы күшейген. JAQ.OrtCom орталығы сайлау науқаны кезінде мұндай ақпаратқа сыни қарап, деректерді ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық кеңістікте шынайы емес мәліметтер, фейктер мен арандатушылық материалдардың жаппай таралуы тіркеліп отырғанын мәлімдеді.

Ақпараттық ықпал ету технологияларының жүйелі түрде қолданылып жатқаны байқалады. Алғашқы кезеңде арандатушылық сипаттағы ақпараттық себеп қалыптастырылады, кейін ол анонимді алаңдарда жарияланып, одан соң бот-желілер арқылы бір мезетте жаппай таратылады. Бұл жаппай таралу әсерін жасанды түрде қалыптастырып, кең қоғамдық резонанс бар деген жалған түсінік туғызуға мүмкіндік береді.

Жарияланымдардың бірдей тезистермен және ұқсас визуалдық безендірумен синхронды түрде шығуы олардың орталықтандырылған әрі ұйымдасқан сипатта екенін көрсетеді. Кейіннен бұл хабарламалар түрлі платформаларда жаппай таратылады. Таралудың негізгі арналары — анонимді Telegram-арналар, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар және өзара байланысты бот-аккаунттардан құралған «желілер». Жекелеген жағдайларда шетелден үйлестірілген жұмыстың айқын белгілері байқалады.

Мұндай науқандарды ұйымдастырушылар мен орындаушылардың назарында қоғам үшін аса маңызды тақырыптар — сайлау процесі, сыртқы саясат және әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұр. Мұндай контенттің едәуір бөлігі жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалады. Жалған, бірақ шынайы көрінетін аудио-, фото- және бейнематериалдар — дипфейктер әзірленіп, кейін кеңінен таратылады. Мұндай әрекеттердің мақсаты — мемлекеттік институттар мен лауазымды тұлғалардың беделін түсіру, билік институттарына деген сенімді әлсірету және қоғамда жасанды түрде әлеуметтік шиеленіс қалыптастыру.

Еске салайық, бұған дейін Орталық Құрылтай сайлауы жақындаған сайын ақпараттық-манипуляциялық науқандардың күшеюі мүмкін екенін ескерткен болатын. Сайлау кезеңінде мұндай шабуылдар азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін төмендетуге бағытталады. Олардың мақсаты — қоғамда алаңдаушылық туғызып, сындарлы диалогты өзара айыптаулар мен ашық текетірес арнасына бұру.

— Жалпы, сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік платформаларда, сайттарда және өзге де ресурстарда екі жүзден астам анонимді және деструктивті аккаунт арқылы таратылған шамамен он бес сериялы ақпараттық материал тіркелді. Олардың қатарында жасанды интеллект технологияларын пайдалану, манипуляциялық ақпарат тарату, құжаттарды қолдан жасау, қазақстандық және шетелдік танымал тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының бейнесін пайдалана отырып жасалған дипфейктер болды. Оларды бейтараптандыру мақсатында 44 материал шықты. Атап айтқанда, бейнероликтер, нұсқаулықтар, ақпараттық-ағартушылық постерлер, сондай-ақ сайлау науқаны төңірегінде кең таралған және қайталанатын мифтерді жоққа шығаруға, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған жарияланымдар дайындалып, жарияланды, — делінген хабарламада.

Орталық азаматтарды анонимді дереккөздерден таралатын ақпаратқа, әсіресе эмоциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдарға сыни тұрғыдан қарауға шақырады.

— Бір хабарламаның ондаған арна мен аккаунтта бір мезгілде пайда болуы оның шынайылығының дәлелі саналмайды. Бастапқы дереккөзді тексеріңіз, ақпаратты ресми деректермен және кәсіби бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарымен салыстырыңыз. Шынайылығы расталмаған мәліметтерді таратпаңыз. Анонимді ресурстарға, бот-желілерге және сыртқы манипуляция мен жалған ақпарат орталықтарына сізді деструктивті ақпараттық күн тәртібін тарату үшін пайдалануға жол бермеңіз, — деп ескертті ведомство.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
48 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
79 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
76 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
14 Тамыз 2026
86 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
14 Тамыз 2026
88 0
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
14 Тамыз 2026
56 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
13 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші
13 Тамыз 2026
133 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Развитие ядерно-топливного цикла в Казахстане: от сырья к высокотехнологичной продукции
12 Тамыз 2026
151 0
Табиғат
12 тамыз – Каспий теңізі күні
12 Тамыз 2026
160 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»