2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы
Фейк: АҚШ-тың Иранның Бендер-Аббас қаласындағы «қазақстандық портқа соққы жасады.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі: Ирандағы Шахид-Раджаи портының инфрақұрылымы және қазақстандық көлік-логистикалық жобаға бөлінген жер учаскесі соққыға ұшыраған жоқ және ешқандай зақым келмеген. Жоба іске асырудың бастапқы кезеңінде, инфрақұрылым нысандарының құрылысы әлі басталған жоқ.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл ақпарат ұғымдарды алмастыру әдісі арқылы таратылған. Жарияланымдарда болашақта іске асырылатын инвестициялық жоба қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған «қазақстандық порт» ретінде көрсетілген. Соның салдарынан оқиғаның ауқымы жасанды түрде ұлғайтылып, Қазақстан мүдделеріне нұқсан келді деген жалған түсінік қалыптастыру мақсатын көздеген.
Фейк: Ресей Федерациясындағы нысандарға шабуыл жасау үшін Қазақстан аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі: Мұндай мәлімдемелер арандатушылық сипатқа ие. Қазақстан өз аумағын, әуе кеңістігін және инфрақұрылымын басқа мемлекеттерге қарсы іс-қимылдар үшін пайдалануға жол бермейді.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл сияқты хабарламалар ең алдымен сыртқы саяси резонанс тудыруға бағытталған. Олардың мақсаты – Қазақстанды халықаралық жанжалға тартылған ел ретінде көрсету және ел ішінде, одан тыс жерлерде де сенімсіздік тудыру. Мұндай ақпараттық операцияларға эмоциялық реңктің жоғары болуы және тексеруге келетін нақты айғақтардың болмауы тән.
Фейк: Ресей Федерациясы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми сұраныс жолдады.
ҚР Энергетика министрлігі: Ресей тарапынан ешқандай ресми өтініш түскен жоқ. Экспорттау мүмкіндігі тек ресми өтініш болған жағдайда және ішкі нарықтың мүддесіне нұқсан келтірілмеген жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл манипуляция ықтималдықты нақты факт ретінде көрсету принципіне негізделген. Теориялық тұрғыда мүмкін болатын сценарий қабылданып қойған шешім ретінде ұсынылып, оқиғаның алдын алу мүмкін емес деген жалған пікір тудырған.
Фейк: Жанармайды шетелге экспорттау салдарынан Қазақстанда жанар-жағармай материалдарының тапшылығы туындады.
ҚР Үкіметі: Ішкі нарық жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген, мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ЖЖМ-ны заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдануда.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай хабарламалар жанармайға сұраныс артқан кезеңдерде жиі пайда болады. Олардың мақсаты – жасанды тапшылық күту сезімін қалыптастыру, бұл өз кезегінде дүрлігуді тудырып, қоғамдық мазасыздықты күшейтуге қауқарлы.
Фейк: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы өсті.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті: Қолданыстағы кедендік баж салықтарының мөлшерлемелері өзгерген жоқ және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес бұрынғы тәртіппен қолданылуын жалғастыруда.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдарда қауесетті нақты бір күнтізбелік күнге таңу әдісі қолданылған. Нақты күнді («1 шілдеден бастап») көрсету аудиторияның сенімін арттырып, ақпаратты тексергенге дейін оның жылдам таралуына түрткі болады.
Фейк: Алматы облысында суармалы судың тапшылығынан 100 гектар егістік алқабы қурап қалды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі: Су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр, су ресурстарының тапшылығы туралы мәліметтер расталған жоқ.
JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай жарияланымдар халықтың құрғақшылық кезеңіне байланысты шынайы қауіп-қатерлерін өз мүддесіне пайдаланады. Нақты цифрлар мен жергілікті географиялық атауларды қолдану, расталған деректердің жоқтығына қарамастан, хабарламаны анағұрлым сенімді етіп көрсетеді.
Денсаулық сақтау министрлігі вакцина сатып алуға қатысты тендерлер туралы жалған ақпаратты теріске шығарды.
JAQ.OrtCom түсініктемесі: Бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыстарды алмастыруға негізделген манипуляциялық тәсіл қолданылған. Вакцина сатып алу көлемі тек бала туу көрсеткішімен қате байланыстырылған. Алайда жоспарлы иммундау жүйесі бірнеше жас санатын қамтиды және вакциналарға қажеттілік медициналық көрсеткіштердің жиынтығы негізінде есептеледі. Мұндай жарияланымдар мамандандырылған ақпаратты біржақты әрі үстірт түсіндіру арқылы денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді.
Қосымша:
Әлеуметтік желілерде өзін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде негізсіз таныстырып, жалған ақпарат таратқан азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
«Әділет» партиясында білім беру, мәдениет және креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті
«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды
Главой государства подписан Указ «О мерах по стимулированию и развитию индустрии цифровых активов в Республике Казахстан»
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Астана күнімен құттықтауы

Кіру