Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Премьер-министр жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы, жобалардың ағымдағы мәртебесі және АТК дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы баяндамаларды тыңдады.
Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары 73 іс-шараны қамтиды, оның 49-ын биыл жүзеге асыру жоспарлаған. Бірінші кезеңде Шымбұлақты жаңғырту және Бутаковка, Кімасар шатқалдары аймақтарын дамыту көзделген. Екінші кезең 2027 жылы басталады және Пионер, Oi-Qaragai курорттарын дамытуды, сондай-ақ оларды аспалы жол жүйесі арқылы біріктіруді қамтиды.
Kazakh Tourism Development Ltd атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski тұжырымдамасында жаяу серуендеушілердің кешенді инфрақұрылымын, заманауи визит-орталықтарын және соқпақтар мен маршрут белгілерінен бастап биік таулы аймақтардағы шұғыл байланысқа, цифрлық навигацияға және күрделілігі әртүрлі деңгейдегі маршруттар каталогтеріне дейін бірыңғай қауіпсіздік жүйесін құруға ерекше мән берілетінін баяндады. Жобаның ерекшелігі Шымбұлақ, Almaty Superski курорттарына және басқа да келешегі зор бағыттарға аспалы жолдардың негізгі көлік торабы болатын бірыңғай вокзал болады.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімдігі атқарып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Шымбұлақты жаңғырту аясында биыл мамыр айында жеті аспалы көпірдің алғашқысының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін екі жаңа желіні аяқтау жоспарлануда, оған 5 шақырымнан астам трассаны қосылады (қазіргі жалпы ұзындығы – 18 км). Сондай-ақ Шымбұлақта 2 аспалы жол жаңғыртылады.
Almaty Superski жобасы қазір инженерлік инфрақұрылым дайындап, жабдықтар сатып алуда. Биыл 8 көпір мен су өткізу құрылыстарын салу көзделген. Биылғы маусым айында ұзындығы 6 шақырым автожол құрылысын бастау жоспарланып отыр. Газбен жабдықтау және кәріз желілері 2027 жылы жолмен бір мезгілде салынады. Жалпы, қала әкімдігінің мәлімдеуінше, инженерлік инфрақұрылым мен автожол 2027 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады деп күтілуде.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде өңірде 92,8 млрд теңге болатын 15 іс-шара көзделгенін, оның 83,8 млрд теңгесі жеке инвестициялар екенін баяндады. Oi-Qaragai курортында бүгінде бірқатар жұмыстар орындалды, соның ішінде 10 орындық гондола және 6 орындық аспалы жол, шаңғы трассаларының бірінші кезеңі, параглайдинг алаңы және басқа да нысандар пайдалануға берілді. 2027 жылдың III тоқсанында курортты қосымша электрмен жабдықтау жобасы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Тау-Тұран – Байбұлақ» автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарлануда.
Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жұмыс қарқыны баяу екенін айтты. Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортының дамуы ерекше бақылауда екені атап өтілді.
«Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту – экономика үшін туристер ағынын ұлғайтуға және инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін маңызды жобалар. Оларды жүзеге асыру негізсіз созылып бара жатыр. Мемлекеттік органдар бұл жұмысқа толық кіріскен жоқ. Барлық мәселені жедел және бірлесіп шешіңіздер», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр бірқатар тапсырма берді. Олар – АТК және Almaty Superski жобалары бойынша мемлекеттік сараптама қорытындыларын уақытында беру; жобаларды ғылыми сүйемелдеу; арнайы және өрт сөндіру техникаларының өтуі үшін қосымша учаскелер бөлу жөнінде шаралар қабылдау; Almaty Superski курортының нысандарын салуды бастау үшін уақытша инфрақұрылым (жолдар, инженерлік желілер және т.б.) жүргізу және қажетті келісімдер беруді қамтамасыз ету.
Жалпы, Алматы тау кластерін және Almaty Superski жобасын дамыту заманауи және қолжетімді тау инфрақұрылымын кеңейтуге, бұқаралық және кәсіби спортты танымал етуге, сондай-ақ жыл бойғы демалысты ынталандыруға бағытталған. Almaty Superski жобасы өңір экономикасы үшін жаңа өсу нүктесіне айналуға, мыңдаған жұмыс орындарын құруға, туристік ағынды ұлғайтуға, Қазақстанның тау туризмінің халықаралық картасындағы позициясын нығайтуға және Алматының Орталық Азияның заманауи туристік орталығы ретінде дамуына жаңа серпін беруге қабілетті.
Тұжырымдаманың маңызды бөлігі балалар мен жасөспірімдерді қысқы спорт түрлерімен, белсенді өмір салтымен және тауда қауіпсіздікті сақтау мәдениетімен таныстыру үшін мектеп және білім беру бағдарламаларын іске қосу болмақ. Кадрларды даярлау мақсатында тау шаңғысы мамандықтары бойынша 350-ге жуық грант бөлу жоспарлануда. Колледждер аспалы жол инженерлерін, көтергіш механиктерді, трассалар мен қар инженерлерін, қар зеңбіректері, қар көшкіні және тағы да басқалар бойынша мамандар даярлауды бастайды.
Жұмыстардың жекелеген бір бағыты – салалық ғылыми институттармен және сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Жоба шеңберінде экология, зоология, топырақтану, геология, гидрология саласындағы мамандармен өзара іс-қимыл жүргізіледі. Мұндай тәсіл жобаны заманауи ғылыми деректер, халықаралық қауіпсіздік стандарттары және табиғи ортаға ұқыпты қарау қағидаттары негізінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша, жобаларды жүзеге асыру жыл бойғы туристік ағымды 2 млн-нан 5 млн адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл аймақ пен жалпы еліміз үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру


