БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар инфрақұрылымдық нысан – «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында, Подстепное ауылы тұсында салынған екі деңгейлі жол айрығы пайдалануға берілді.
Ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев және компания қызметкерлері, мердігер ұйым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
“Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауларында еліміздің көлік-логистика саласын жаңғыртуды айрықша атап өтіп, бұл бағытты ұлттық экономиканы күшейтудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде көрсетті. Бүгін іске қосылып отырған екі деңгейлі жол айрығы – жол қозғалысын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз етуге арналған заманауи инженерлік шешім. Жаңа жол торабы көлік ағынын реттеп, қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл – облыстың өзге өңірлермен және Ресей Федерациясымен көлік байланысын жақсартып, экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге зор серпін беретін маңызды қадам”, – деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев атқарылған жұмыстардың салалық жаңғыртудағы жүйелі маңызын атап өтті:
«Бүгін ашылған учаскелер өңірдің көлік қолжетімділігін түбегейлі өзгертеді. Әрбір жаңа шақырым – экономиканың, шағын және орта бизнестің, туризмнің дамуына, халықтың өмір сапасының артуына ашылған жаңа мүмкіндік. Сонымен бірге біз биыл қайта жаңғырту жұмыстары басталған “Сырым” өткізу пунктін толықтай жаңартып, оны халықаралық деңгейдегі заманауи логистикалық орталыққа айналдыруды бастады».
Аталған жол торабы – «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы» бағыты бойынша жүргізіліп жатқан ірі қайта жаңғырту жұмыстарының маңызды бөлігі. Жобаның жалпы ұзындығы – 144 шақырым. Бүгінгі таңда 72 шақырым жол толық жөнделіп, көлік қозғалысы ашылды. Бұл жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» АҚ жүзеге асырды.
Қалған 72 шақырымда қайта жаңғырту жұмыстары КПО b.v. компаниясының қолдауымен жүргізіліп жатыр. Жоба толықтай 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
2025 жылы өңірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 260 шақырым жолдарда негізгі жұмыстар толық аяқталды. Оның ішінде «Подстепное – Федоровка» автожолының 72 шақырымын қайта жаңарту, «Өнеге – Бисен – Сайқын» бағытының 103 шақырымын күрделі жөндеу, сондай-ақ Хан Ордасы ауылына кіреберіс жолының 21 шақырымы мен Ақтөбе – Орал автожолының 64 шақырымдық жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру