Батыс Қазақстан облысы 2025 ж. 20 қараша айына ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша анықтама

Ағымдағы жылы облыстың ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде жергілікті бюджет қаржысы 4,3 млрд. теңге немесе 89%-ды құрайды. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға жоғары.
(Анықтама үшін: 2024 жылы жалпы – 3 млрд. 578 млн. теңге қаражат бөлінді.)
Қаржыландыру көлемінің өсуі малдәрігері мамандарының жалақысын көтеруге, ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. Атап айтқанда, 2024 жылы жұмыс өтіліне қарай ветеринар дәрігердің орташа айлығы 267-278 мың теңге құраған болса, биылғы жылы мал дәрігерлеріне 309-320 мың теңге, вет. фельдшерге 228-256 мың теңге, вет. санитарға 160-190 мың теңге аралығында еңбекақы төленуде.
Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар туралы
2025 жылға бектілген жоспарға сай облыс бойынша жануарлардың аса қауіпті 12 жұқпалы ауруларына қарсы 11,0 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау (соның ішінде сібір жарасы ауруына қарсы 2,9 млн. бас) және 2 млн. бас мал басын диагностикалық тексеруден өткізу белгіленген.
(Анықтама үшін: 2024 жылы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар 15 аса қауіпті аурулар бойынша вакцинациялау көлемі – 10,1 млн. бас, диагностикалық бруцеллезге зерттеулер көлемі – 2,2 млн. басқа зерттеулер жүргізілді).
Бүгінгі күнге облысқа 10,9 млн. доза қажетті ветеринариялық препараттар келіп түсті (соның ішінде сібір жарасына қарсы 2,9 млн). Ұсақ мүйізді малдың аусылы мен жылқылардың маңқасын диагностикалауға арналған аллерген кешіктіріліп жеткізілді. Қазіргі таңда жылдық жоспар бойынша тек жабайы етқоректілердің құтыруына қарсы брикеттер 0,1 млн доза ғана келмеді.
Жыл басынан жоспарға сәйкес 9 млн. 616 мың бас жануарлар, соның ішінде сібір жарасына қарсы 2 млн. 794 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары вакцинацияланды. МІҚ – 1 031 305бас , ұсақ мал – 1 478 041 бас, шошқа – 12 430 бас , жылқы – 270 400 бас және түйе – 2 177 басқа егу іс-шаралары жүргізілді.
Cібір жарасына қарсы 55-ВНИИВВиМ штаммынан жасалған тірі, сұйық вакцинамен (өндірушісі «Biotron Group» ЖШС ҚР) екпе жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринариялық ұйымдарда ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған 181 тоңазытқыш, 34 жертөле және 3 арнайы жабдықталған бөлмемен қамтамасыз етілген.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру