8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Маусым 2025 836 0
Өзек

БҚО әкімі Цзянсу провинциясының Халық үкіметінің төрағасымен кездесті

Батыс Қазақстан облысы делегациясының жетекшісі, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің төрағасы, партия комитеті хатшысының орынбасары Сюй Куньлиньмен кездесті.

Нариман Төреғалиев өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында өткен 2-ші «Қытай – Орталық Азия» саммитінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі барысында ҚХР Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі деп айтқанын және елдер арасындағы қарым-қатынас әрқашан достық пен ынтымақтастыққа құрылғанын атап өтті.

«Қазақстан үшін Қытай маңызды қызмет салаларындағы стратегиялық серіктес. Бізді қос мемлекеттің тәуелсіз даму жолын сақтай отырып, тату көршілік пен өзара сыйластық қағидаттары негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи достық байланыстырады. Бұл туралы екі ел көшбасшылары жоғары деңгейдегі кездесулерде бірнеше рет айтып өткен болатын.

Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның «батыс қақпасы». Қытаймен арадағы тығыз сауда-экономикалық байланыстарды ескере отырып, біз екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді Н. Төреғалиев.

Цзянсу провинциясының Халық үкіметінің төрағасы да өңірмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Сюй Куньлинь провинцияның Қазақстанмен табысты ынтымақтастық орнатылғанын және жүзеге асырылған бірқатар жобалар осының дәлелі екенін атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Батыс Қазақстан облысы мен Қытайдың ең дамыған индустриялық өңірлерінің бірі – Цзянсу провинциясы арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету мәселелерін талқылады.

БҚО әкімі өңірдің Қытайдың индустриалды-логистикалық орталықтарымен тікелей байланыс орнатуға стратегиялық мүдделі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол сауда айналымының жоғары қарқынына тоқталды: 2024 жылы БҚО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 25 пайызға артып, 88,4 миллион АҚШ долларын құрады.

Кездесу барысында мынадай
салалардағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды:
• ауыл шаруашылығы және автокөлік техникасын өндіру;
• қатты тұрмыстық қалдықтарды және
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;
• тазарту құрылыстарын салу және
жаңғырту;
• Қытай – Орталық Азия – Еуропа бағыты
бойынша логистикалық маршруттарды
дамыту;
• Тараптар екіжакты байланысты
жандандыруға, сондай-ақ Қытай
инвесторларының Батыс Қазақстандағы
агроөнеркәсіп және өнеркәсіп кластерлеріне қатысуын арттыруға келісті.
Кездесу соңында облыс әкімі Цзянсу
провинциясының басшылығына жылы
кабылдауы үшін алғысын білдіріп, қол жеткізілген келісімдер екі жақты өзара
тиімді ынтымақтастықтың берік негізіне айналатынына сенім білдірді.
Бұл кездесу Қазақстан
Республикасының Қытай Халык,
Республикасындағы Елшілігінің
қолдауымен ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»