ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС: ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚПАУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

Бірінші, құлаққап арқылы сөйлесу;
Құлаққап арқылы телефонмен сөйлескенде телефон радиациясын толық жойып жіберуге болмаса да, телефон адамның бас бөлімінен алыста болғандықтан зиянды айтарлықтай азайтуға болады.
Екінші, телефонды жабық орындарда қолдануға болмайды;
Мысалы, лифт, поезд және метро сияқты жабық орындарда ең дұрысы телефонды қолданбағаныңыз дұрыс. Мұндай орындарда телефон желісімен байланыс өте әлсіз болғандықтан, оның тарататын радиациясы да көп болады.
Үшінші, телефон желісі(сеть) әлсіз уақытта қолданбау;
Телефон желісі әлсіз болып тұрғанда немесе көлікте келе жатқанда телефонмен сөйлеспеген дұрыс. Мұндай уақытта радиация өте жоғары болады.
Төртінші, ұзақ уақыт сөйлеспеу;
Телефонмен сөйлесу уақыты екі минуттан асқаннан кейін оның кері әсерінен пайда болған толқынды адам миы бір сағат бойы ретке келтіре алмайды екен.
Бесінші, смартфондардың радиациясы тіпті де жоғары;
Қарапайым телефон мен смартфонның радиация тарату мөлшерін салыстырғанда смартфонның зияны көп болған. Себебі, сіз телефонмен сөйлесіп жатқан бір уақытта сіздің смартфоныңыз ғаламтор желісімен байланысып тұрады. Смартфондағы әр-түрлі бағдарламалар бір мезетте ақпаратты алып немесе жіберіп жатады. Бұл жағдай радиация мөлшерін әдеттегіден еселеп жібереді екен. Сондықтан, телефонды сөйлесу кезінде интернет желісінен ажыратып қою ләзім.
Алтыншы, номер теріп болғаннан кейін телефонды құлақтан аулақ ұстау;
Қоңырау жалғанып жатқан сәтте оның радиациясы ең жоғары деңгейде болады. Сондықтан, қоңырау шалғанда немесе телефон қабылдағанда қарсы жақ телефонды көтергеннен кейін барып тұтқаны құлаққа жақындатыңыз.
Жетінші, телефонды жанқалтаға салмау;
Зерттеулер нәтижесі бойынша, телефонды үнемі шалбарының қалтасына салып жүретін ер адамдардың ұрық мөлшері қалыпты ер адамдарға қарағанда 25% аз болады екен. Телефон радиациясының адамның әр түрлі дене бөліктеріне жасайтын әсері де түрліше, ер адамдардарға зияны тіпті де ауыр екені белгілі болған.
Сегізінші, телефонды жатын бөлмеге қоймау;
Бүгінгі таңда телефонды жатын бөлме түгілі, жастықтың астына қою әдетке айналған. Қатерлі ісік ауруының пайда болуын жылдамдататын себептердің бірі ретінде телефонды ұйықтағанда бас жағына қою аталып отыр. Оның үстіне адамның ұйқысы да қалыпты болмайды.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу