АҚ ТҮТЕК ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ
5 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысында ауа райы бұзылып, қарлы боран соқты. Ақ түтек көптеген көліктерді жолда қалдырды. Бұл күні облыстық ТЖД қызметкерлерінің күшімен 79 көлік эвакуцияланып, 36 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жетеуі кәмелетке толмағандар. Алты адам құтқарылған, олардың біреуі бала.

БҚО ТЖД баспасөз қызметкері Жәдігер Құсайыновтың мәліметіне сүйеніп тарқатар болсақ, 12.30-да Ақжайық ауданы маңында Чапай-Қазталов тасжолының 5-ші шақырымында жолдан шығып кеткен «Газель» автокөлігі жедел құтқару жасағы қызметкерерінің күшімен тазартылған автожолға сүйреп шығарылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сағат 13.50-де Тасқала ауданы аумағында, дәлірек айтқанда Орал-Тасқала тасжолының 3-ші шақырымында 13-ші Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің күшімен омбы қарға тұрып қалған екі жеңіл көлік тазартылған жолға шығарылған. Көлік салондарында жеті адам болған.
15.20-да осы Тасқала ауданында, «Тасқала-Мерей» автожолының 8-ші және 12-ші шақырымы тұсында ТЖД күшімен бес жеңіл автокөлік жолға шығарылған. Бұл көліктерде жалпы 16 адам болған.
Сағат 18.30-да Сырым ауданының Бұлан ауылы Бораш қыстағында да қалың қарға батып қалған жеңіл автокөлік шығарылған. Бұл көлікте 3 адам болған.
20.45-те Тасқала ауданының аумағында «Тасқала-Орал» тасжолының 77, 79, 83-ші шақырымдарында қалың қарға кептеліп қалған 10 жеңіл автокөлік тазартылған жолға шығарылған. Көліктердегі адамдардың жалпы саны – 34, оның жетеуі – балалар.
Сондай-ақ 18.50-де Ақжайық ауданы аумағында, яғни «Орал-Атырау» тасжолының 305-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. «Фольксваген-Шаран» автокөлігі мен «Скания» маркілі фура түйіскен. Оқиға орнына трассалық медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері барып, екі адамды Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізді.

Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу