8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2018 2516 0
Өзек

БҚО-ДА ЕКПЕДЕН БАС ТАРТҚАНДАР КӨП

Батыс Қазақстан облысы профилактикалық екпеден бас тартуда көш басында. БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрмановтың сөзінше, өңірдегі 1137 баланың ата-анасы әр түрлі себептермен балаларына екпе салғызудан бас тартқан.

Бас тартқандардың басым көпшілігі Орал қаласында, Зеленов және Сырым аудандарында. Ата-аналардың көпшілігі діни сенімдеріне байланысты екпе салдырмаған. 22,3  пайызы жеке көзқарастарын алға тартса, 9,3 пайызы әр түрлі ақпараттардың кесірінен вакцинацияға сенімсіздік білдірген.

Департамент басшысының айтуынша, екпе алмаған балалар немесе профилактикалық екпе алмаған анадан туған балалардың қатерлі ауруларға шалдығуы жиі кездеседі. Биыл облысымызда 2016 жылы дүниеге келген баланың туберкулез ауруына шалдыққаны тіркелген. Тексеру кезінде оның екпе алмағаны анықталған.

Дегенмен, түсінік жұмыстары нәтижелі. Әкімдіктермен, облыстық дін істері басқармасымен бірлескен ағарту жұмыстарының нәтижесінде екпеден бас тартқандардан 111 баланың ата-анасы райынан қайтып, екпе салдыруға келісім берген.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
89 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
143 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
331 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
321 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»