БҚО-да заңды тұлғаларды тіркеу бойынша онлайн қызметтерге сұраныс артты
Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызметті eGov электрондық үкімет порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы алуға болады, адами фактор толығымен алынып тасталған.
ЖШС ашу үшін жаңадан бастаған кәсіпкерге мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ. Компьютер мен ЭЦҚ жеткілікті. ЖШС-ні порталда жарты сағат ішінде тіркеуге болады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жолдайды. Бұл хабарлама eGov-та толтырылады және жолданады.
Тиісті бағандарды толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минут ішінде береді.
Заңды тұлғаны тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне де жүгінуге және құжаттарды қағаз тасымалдағышта тапсыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, жыл басынан бері БҚО бойынша заңды тұлға ретінде тіркелгісі келген 418 адамның 64,3%-ы мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу