АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАН ҚАШЫП, БАСҚА КӨЛІКТІ ТҮЙДІ
Оралда Газель жүргізушісі жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатымен көлікті басқа бағытқа бұрып, жол жиегінде тұрған көлікке соқтығысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс атқарды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.29-да М.Мәметова көшесінде орын алды. Газель автокөлігі батыс бағытта бет алып, қозғалып келе жатқан. Осы уақытта Мәметова көшесіндегі 69-үйдің ауласынан Раф4 автокөлігі шығып, апатты жағдай туғызды. Газель көлігінің жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін қарсы жолаққа шығуға мәжбүр болған. Нәтижесінде жол жиегінде тұрған «Фольксваген Пассат»автокөлігімен соқтығысқан. Соқтығысудан екі көлік арыққа түсіп кетті.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісіне залал келді. Газель жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері авариялық жағдай туғызған Раф4 көлік құралының жүргізушісінің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу