8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2020 1481 0
Қалалықтар қаперіне

Орал қаласы әкімі: «Төтенше жағдайдан соң босаңсуға болмайды, ахуал күн сайын ушығып қауіп төндіріп тұр»

Коронавирус індетін жұқтырғандар азаймай отыр. Бүгінгі дерек бойынша республикада 7597 адамның вирус жұқтырғаны тіркелген. Оның 360 жағдайы Батыс Қазақстан облысы аумағында  тіркелген. Осы орайда Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков өзінің  әлеуметтік  желісінде  жазба жариялап,  азаматтарды карантиннің санитарлық нормаларын сақтауға шақырды. 

« Құрметті жерлестер, COVID-19: Жер шарын шарпыған пандемия әлем құрылысына көптеген өзгерістер әкелді. Қоғамдық сананы өзгертті. Төтенше жағдайдан соң босаңсуға болмайды, ахуал күн сайын ушығып қауіп төндіріп тұр. Бұның нақты факті екенін мойындауымыз қажет. Бұған мән бергіміз келмесе де, бұлтартпас статистика коронавирус індетін жұқтырушылардың көбейіп жатқанын көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта біздің өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 360 фактісі болса, оның ішінде 214-і қаламызда тіркелді. 81 жұқтыру фактісі Ресей Федерациясынан келгендер, ал 55-і Атыраудан келгендер есебінен тіркеліп отыр. 4 адам ауыр халде (!). Егер алғашқы кезде жұқтырушылар саны сырттан келгендерден құралған болса, қазір қала мен аудан тұрғындары арасында таралып жатыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 9 бала, тіпті олардың қатарында бір жасар бала да бар. Коронавирус инфекциясын 9 полицей қызметкері, 56 медицина саласы қызметкерлері, 5 зейнеткер, 3 студент жұқтырған.
Қалыптасқан жағдайдың күрделі екенін ескере отырып, Орал қаласының тұрғындарынан карантиннің санитарлық нормаларын сақтауға шақырамын. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Көп жағдайда коронавирус инфекциясы ауру белгілерінсіз өткенімен, өзгелерге жұғуы мүмкін.
Алғашқы қауіпсіздік шараларының бірі – қорғаныс маскасы мен қолғабын кию, антисептікті қолдану.
Төтенше жағдай алынғанымен, қалада карантин режимі сақталуда. Бәсеңдету шаралары шектеудің алынғанын білдірмейді.
Орал қаласының тұрғындарын өз қауіпсіздігіңіз үшін карантин режимін қатаң сақтауға шақырамын. Қоғамдық көлікте, дүкендер мен жұмыс орындарында сақтық шараларын барынша ұстаныңыздар.» делінген Орал қаласы әкімі  Абат Шыныбековтың жазбасында.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»