ҰБТ КЕЗІНДЕ МАСКА, РЕСПИРАТОРЛАР ТАҒУ МІНДЕТТІ БОЛАДЫ
2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz

«Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген мерзімде өтеді деп жоспарлануда, яғни маусымның соңы мен шілденің басы аралығында. Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы аптаның сейсебісінде өтетін аппарат кеңесінде ҰБТ-ға дайындық тақырыбын талқылаймыз. Әрине, бұл бағытта ҰБТ-ны өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударылады», – деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, арақашықтықты сақтау мақсатында ҰБТ тапсыру кезінде аудиториядағы адамдар саны барынша қысқартылады.
«Маска, респираторлар тағу міндетті болады. Сонымен қатар, аудиторияны желдету жұмыстары іске асырылады. Қазір осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Биыл құжат тапсыру толықтай электронды тәртіпте өтті. 131 мың бала құжаттарын тапсырып үлгерді», – деді министр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу