ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА МӘН БЕРІЛМЕК
Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жергілікті «Ақжайық» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, қаланың инфрақұрылымын жақсарту және қалалықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар туралы баяндады. Эфир барысында қаланың жарықтандырылуына қатысты сұрақтар жиі қойылды.

Мәселен, қала тұрығы С. Мәжитова «Самал» шағынауданында, круглоозерныйлық Қ.Сатаева ауыл ішіндегі жарықшамдар дұрыс жанбайтынын жеткізді.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда, қаламыздың көше-жол желісінде 20 мыңнан астам жарықшамдар бар. Соның ішінде, 5 мыңнан астамы жарықдиодты лампалар болса, қалған 15 мың лампалар ескі үлгідегі шамдар. Бүгінгі таңда, қаламыздың, 268 көшесі және 372 аула аумағы жарықтандырылған.
– Бұл әрине жеткіліксіз. Жуырда ғана 18 ғимарат қайта жарықтандырылды. 76 ғиммарат бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі 2020 жылы 15 мыңнан астам ескі үлгідегі шамдарды жарықдиоды лампаларға ауыстыру көзделуде. Сондай-ақ Қадыр Мырза Әлі шағынауданы, Қонаев, Жаңа Орда шағынаудандарын жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақтап, жарықтандыруды көздеп отырмыз.Бұл жобада 800-дей жарықшам қойылуы жоспарланды , – деді Абат Абайұлы.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу