8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2019 3746 0
Қоғам

СЕНБІЛІК. 10 МЫҢНАН АСА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАР ТАЗАЛАУҒА ШЫҚТЫ

Бүгін оралдықтар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатымен қар тазалау сенбілігіне шықты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала басшысы Мұрат Мұқаев қар тазалау шарасының басы-қасынан табылды.

Сенбілік қаланың барлық ауданында белсенді жүргізілді. Бұл іске мекеме-ұйым қызметкерлері, қалалық жастар ресурстық орталығы еріктілері, оқу орны студенттері және қала тұрғындары қатысты. Кәсіпкерлік нысандары өз аумақтарын қардан тазалап, өз күштерімен шығарды. Сондай-ақ қала әкімдігінің ұйымдастыруымен су басу қаупі жоғары аумақтарды ұлпадан тазалауға кәсіпорындар тартылған. Мәселен, облыстық аурухана аумағында Дәулеткерей, Елизаров көшелерінің қарын «Ануша», «Айдана», «ДСК «Приоритет» ЖШС-лары шығарды. Қала әкімі Мұрат Рахметұлы атап көрсеткендей, жұмыс жасап жатқан 5 тиегіш пен 15 жүк көлігі бүгін осы көшені толық тазалап аяқтайды. Сонымен қатар құрылыс компаниялары алдағы уақытта да өз техникаларымен көмек көрсетуге келісім берген.

Ет комбинаты ауданы Гагарин көшесі студенттер күшімен тазалануда. Ал мектеп аулаларын қардан аршуға білім ұйымының қызметкерлерімен қатар қолдарына күрек ұстап, ата-аналар да білек сыбана кіріскен.

Қаладағы су басу деңгейі қауіпті аудандардың бірі – Зашаған кентіндегі «Болашақ» шағынауданы. Еріген қар суы әсіресе Жасқұс көшесіне қауіпті. Сол себепті бұл аумақтың да тазалануы қадағаланды.

Жалпы бүгінгі сенбілікке 10 мыңдай тұрғын қатысты. 500 арнайы техника жұмылдырылды. 30 мың текше метр қар шығарылып, 15 шақырым арық тазартылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»