8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2021 2416 0
Дені сау ұлт

2021 ЖЫЛ: МӘМС ҮШІН КІМ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ

2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырыла бастады. Осыған орай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова МӘМС жүйесіне қалай төлем жасауға болатынын түсіндірді.

МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғасады, – делінген хабарламада.

Жаңа күнтізбелік жыл басталғалы тұрғындардан «2021 жылы МӘМС үшін кімдер, қанша төлеу керек?», «Қалай төлеуге болады?» т.б. сұрақтар түсуде.

Сонымен,

2021 жылы МӘМС үшін кім, қанша төлейді?

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеріңіз:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)

egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)

Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

МӘМС үшін қанша төлейді?

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз:

  • азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты – жарнаны мемлекет төлейді;
  • жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды;
  • жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге);
  • өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге);
  • дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге);
  • азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге (яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;

– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

– «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;

– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»