2021 ЖЫЛ: МӘМС ҮШІН КІМ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ
2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырыла бастады. Осыған орай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова МӘМС жүйесіне қалай төлем жасауға болатынын түсіндірді.
МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғасады, – делінген хабарламада.
Жаңа күнтізбелік жыл басталғалы тұрғындардан «2021 жылы МӘМС үшін кімдер, қанша төлеу керек?», «Қалай төлеуге болады?» т.б. сұрақтар түсуде.
Сонымен,
2021 жылы МӘМС үшін кім, қанша төлейді?
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеріңіз:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)
egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)
Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
МӘМС үшін қанша төлейді?
Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз:
- азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты – жарнаны мемлекет төлейді;
- жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды;
- жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге);
- өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге);
- дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге);
- азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге (яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
– «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу