8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1771 0
Қоғам

Жылдармен бірге өркендеген «Ай-луна»

Қала орталығындағы «Ай-луна» кафесіне бас сұқпағандар кемде-кем шығар. Ерекше тіл үйірер кәуабымен тұтынушыларын баурап алған кафе жыл сайын түрленіп, кеңейіп келеді. Бұл Орал өлкесіне осыдан 30 жылдай бұрын алыстан ат арытып, әзірбайжаннан келген Әділ Гүлиевтің бастаған кәсіптерінің ішінде айы оңынан туып, бағы жанғаны. Келер жылдың ақпанында аталған кафе жиырма жылдық мерейтойын атап өтпек.

Шағын кәсіптен басталған

Бүгінде қаладағы тамақтану орындарының таңдаулысына һәм үздігіне айналған кафенің орны бір кездері бос болғанына біреу сенер, біреу сенбес. Қазір бірнеше әсем залдары бар атағымен дүрілдеп тұрған «Ай-лунаның» түп-тамыры шағын тамақтану вагонынан басталыпты.

Әділ Бехчат-оғлы – әзірбайжанның тумасы. Орал қаласына  1985 жылы кездейсоқ келген. Негізгі мамандығы – инженер-химик-технолог. Бакуде дүниеге келіп, сол жерде білім алған ол академияны аяқтаған соң мамандығы бойынша он шақты жыл атамекенінде жұмыс жасайды. Аз уақыт ішінде жас болса да, біліктілігін көрсетіп, басшылық орындарда қызмет атқарады. Әйткенмен, өмірдің ағысы үнемі бірқалыпты болмайтыны белгілі. Қызметтегі өзгеріс, лауазымының төмендеуі оның үйреншікті жұмысын тастап, Мәскеуге кетуіне мәжбүрлейді.

Ол Оралға келгеніне мақтанбаса еш өкінген емес. Себебі осы жерде аяққа тұрып, өз ісін дөңгелете алды және мақсатына жетпей тынбайтын іскер жан екенін көрсетті. Оған қызметі үшін әр түрлі мекеме-ұйымдардан келген марапаттары дәлел. Әрдайым қайырымдылық, қоғамдық шараларға ықылас таныта жүретін азамат бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Нұр Отан» партиясының сенімді мүшесі.

Сол кезде «Ворошилов зауыты» аталған қазіргі «Зенит» зауытына сылақшы болып орналасады. Бірер жылдан кейін өз ісін ашуды ұйғарып, құрылыс саласына бет бұрады. Өңірдегі біраз мектептердің жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Әйткенмен, 90-шы жылдардың дағдарысы Ә.Гүлиевтің де жұмысына салқынын тигізіп, құрылыс компаниясының ісін тоқтатуға тура келеді. Амалсыз жұрт секілді сауда-саттыққа бет бұрып, шағын дүңгіршек ашады. Ал 1997 жылдардың шамасында әр түрлі кәсіпті қолға алып, тәжірибе жинап үлгерген Әділ Гүлиев тамақтану орнының жарға жықпасына сеніп, қызмет көрсету ісін бастады.
– Кәсіпті дөңгелетіп әкететіндей сенімділік болды. Ішкі түйсігім алдамады. Жұмысты бастағаннан кейін жандандыру үшін жанталаса бастадым. Таңның атысы, күннің батуымен таласа жұмыс жасадым. Бизнестің қыр-сырын ақтарып, кәсіпкерлік қабілетімді шыңдауды мақсат еттім. Әлі де ізденіс үстіндемін, жоспар жетерлік, – дейді Әділ Бехчат-оғлы.

Сұранысты жоғалтпау қажет
Кафенің қазіргі деңгейі 20 жылдық еңбектің, бизнесті өркендетуге құйылған қаржының нәтижесі. Жылдар өте шағын кафе тамақтануға келген адамның көңіл күйін жайландыратын түрлі түстегі 40-60 орындық бірнеше шағын, VIP-залдармен толықты. Қонақтарға жайсыздық тудырмас үшін шылым шегушілерге бөлек зал салынды. Қожайын үшін осы белестен төмендеп кетпей, ұстап тұру және дамыту маңызды.

–  Адамдардың көпшілігі азды қанағат етуді түсінбейді. Көпшілігі  бар ақшасына даңғарадай ғимарат салып, кәсіп ашуға құмар. Менің ойымша, қай істі де ақырындап бастаған жөн. Бұл уақытта кәсібіңе сұраныстың қандай болатынын, тұтынушыға қалай ыңғай жасау қажеттігін де зерттеп алуға болады, – деген қожайын даяшыларды жұмысқа қабылдаудың тәртіб тоқталды. Қызметкердің мінез-құлқына баса мән беріледі. Клиенттермен жұмыс жасауда бұл аса маңызды. Олардың екі тілді еркін меңгергені, мәдениеттілігі, киім киісі де ескеріледі.

Қызметтің жоғары сапада көрсетілуін өзі қадағалайтын басшы жұмысқа қабылдарда үміткерлермен өзі әңгімелеседі. Ал одан кейінгі екі-үш күндік сынақ мерзімінде оның қарым-қабілеті мен жұмысқа икемділігі байқалады.  Кафе басшысы қызметкерлерінің қай-қайсысы да клиенттер алдында жерге қаратпағанын тілге тиек етті. Мұндағы 75 қызметкердің көпшілігі 14, 12, 6 жылдан бергі байырғы мамандар.

Қонақтарды «iPhone 5S» күтеді

Осыдан екі жыл бұрын кафеге С.Тюленин көшесінен бой көтерген екі қабатты мейрамхана қосылды. Мейрамхананың төменгі қабаты диско-бар, екінші қабат 350 адамға шақталған заманауи банкет залы.

Бүгінде диско-бар жұмысы жанданып келеді. Бұл іске жас та болса жаңалыққа жаны құштар диско-бардың арт-директоры Айнұр Әділқызы бар күшін салуда. Күніге демалыссыз жұмыс жасайтын орында әсіресе сенбі-жексенбіде халық көп болады екен. Бұл күндер сырттан келушілерге тақырыптық кештерімен ерекше. Қонақтардың көңілін әдемі әзілмен көтеретін жүргізушілер де, жанды дауыстағы шырқалатын әндер де осы кештен табылатын көрінеді.

Мейрамхананың ашылған сәттегі әрлеу жұмыстарының басы-қасында жүрген Мая Сатыбалдиева – қазіргі уақытта мейрамхана әкімгері. Айтуынша, аптаның сенбі-жексенбісі, тіпті бейсенбіден жексенбіге дейінгі күндер салтанатты кештермен өтеді.

– «Ай-луна» дәмді асханасымен атақты. Қазірдің өзінде мерекелі күндерін осында өткізуді таңдайтын тұрақты клиенттеріміз қалыптасып үлгерді. Бағасы қалтаны аса жырмайтындай қолайлы, дәмді ас мәзірін үйлестіруге болады. Тапсырыс берушілермен екі-үш мәрте  кездесіп, мәзірдің әр бөлшегін нақтылауға қарсылық танытпаймыз, – дейді Мая Ибрагимқызы.

Әр аспаздың құпиясы бар

Кафе мен мейрамхананың ас мәзіріне тәбетті келтіретін қазақ, орыс, әзірбайжан және еуропа асүйінің үздік тағамдары енген. Тамақтану үшін кафеге жол тартқан адам ыстық тағамның 10-нан аса түрі мен салаттардың 30-дай түріне таңдау жасай алады. Тамақтан кейін берілетін тәтті тоқбасарлардың да әр түрін ас мәзірінен көруге болады. Сақтық үшін барлық тағам тұтынушының тапсырыс беруінен кейін ғана дайындалады. Әрқайысының дайындалуы, сырттан келген ет, сүттің анықтама қағаздарына сай болуы осы салада 20 жылдық тәжірибесі бар Галина Ивановнаның бақылауында. Тамақтың құрамы, әр ингредиенттің мөлшерлі қосылуы, дәмдеуіштерінің ұтымды қолданылуына талдау жасап, сараптамадан өткізетін де Галина.

«Ай-лунаның» басты атрибуты – әрине дәмі тіл үйірер кәуабы. Кафеден ауқаттанатындар бірінші кезекте кәуапқа тапсырыс береді. Клиенттерді «Ай-лунаға» магниттей тартуының сыры да осы ыстық отта ысталған кәуапта болса керек. Ал оны дайындайтын бас аспаз Алияр Абдуллаев. Ол осыдан бес жыл бұрын кафе қожайыны Әділ Гүлиевтің шақыртуы бойынша отбасымен бірге әзірбайжаннан арнайы келіпті.

«Халықтың бірлігі қымбат»

Жылдармен бірге өсіп, тасы өрге домалаған орын-жайда қайырымдылық шаралары да жиі ұйымдастырылады. Мұқтаж жандарға қолынан келгенше көмектесуді өзінің азаматтық борышы санайтын Әділ Гулиев кешегі қайырымдылық айлығынан да шет қалмады. Бір топ зейнеткер мен мүгедектерге жылы жұмсағын алдарына тосып, төріне оздырды. Жомарт басшы билік басындағылармен әрдайым келісе жұмыстанып, қоғамдық істерге белсене араласуды жақсы әдетке айналдырған.
– Ассамблея мүшесі ретінде ұлтаралық мәселелерді шешуде, ортақ игіліктерімізді нығайтуға мүмкіндігінше күш салып жүрмін. Мен үшін халықтың достығы қымбат, – деп ағынан жарылды Әділ Бехчат-оғлы.

Алияр Абдуллаев,
бас аспаз:
– Ешбір аспаз тағам дайындаудағы толық құпиясымен бөліспесі анық. Кәуаптың маринады жақсы болуы керек.  Мәселен, мен өзгелер сынды түрлі дәмдеуіштер қолданбаймын. Еттің өзі, қызыл бұрыш, тұз, пияз болса жеткілікті. Кафеге келушілерге әзірбайжандық «садж» ұлттық тағамынан дәм татуды ұсынамын.

Жасұлан ӘЖІМҰРАТОВ, қала тұрғыны:
– Бұл жердің кәуабы өзімізге де, балаларымызға да ұнайды. Ең бастысы төлеген ақшаңа сай дәмді. Әрі тапсырыс бергеннен кейін белгіленген уақыттан кешіктірмейді.  Кафе ішіндегі тазалыққа, ұл-қыздардың қызмет көрсетулеріне мін таға алмаймыз. Әрдайым тұтынушылардың талғамдары ескеріледі. Қаламызда отбасымен бірге демалуға ыңғайлы, бағаға сай сапаға қызмет ететін жайлы орындардың көбейгені қуантады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
nugman.90@mail.ru

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
390 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
528 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
565 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
839 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
853 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
976 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1277 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1369 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1395 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1606 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1878 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2100 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2144 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2285 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»