ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРНЫНАН ҚАШЫП КЕТКЕН
Оралда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші бір түнде екі жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болды.
20 сәуір күні түнгі сағат 00.30 шамасында «ВАЗ-21102» маркалы автокөлігінің белгісіз жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Toyota Corolla маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Соққыдан Toyota Corolla сол жақта тұрған Volkswagen Passat-қа түйіскен. Ал бұл уақытта ВАЗ жүргізушісі оқиға орнынан қашып үлгеріпті .
Бірақ, арада жарты сағат өткенде, яғни сағат 01.00-де шамасында ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі тағы бір жол-көлік оқиғасына жол берді. Жазира көшесімен жүріп, басқару рөлін игермей, қарсы жолаққа шығып, жол жиегінде тұрған «Merсedes Benz» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес 1993 жылы туған бұл жүргізушінің «алкогольдік масаң күйде» болғаны анықталды.
Жол-көлік оқиғалары нәтижесінде көлік иелеріне материалдық шығын келді.
ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңда 7 жылға дейін көлікті басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу