ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНДА ЕҢ КӨП ЗАРДАП ШЕККЕН КІМДЕР?
Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында Қазақстанның қай аумақтарында әйелдер жол-көлік оқиғасына жиі түсетінін анықтады.

ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы барлығын алғанда, ЖКО-да 24 585 қазақстандықтар зардап шеккен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 8 пайызға көп (22 541 адам).
Жол апаты нәтижесінде зардап шеккен (соның ішінде ажалға тап болған) ерлер саны бір жыл ішінде 9 пайызға өскен, яғни 13 666 адамды құраған. ЖКО нәтижесінде зардап шеккен әйелдер саны 20 пайызға төмен. Олардың саны 10 919 адам. Бұл 2018 жылымен салыстырғанда 7 пайызға көп.
Алайда, кейбір аумақтарда зардап шеккен әйелдер саны көбірек. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында. Бұл аумақтарда ЖКО нәтижесінде зардап шеккен әйелдер саны ерлер санынан 1 пайызы және 12 пайыздан астам. Нұр-Сұлтан қаласында зардап шеккен әйелдер саны 7 пайызға көбірек.
Әйелдердің қатысуымен ең көп апаттық оқиғалар былтыр Алматы қаласында (2 908), Алматы облысында (1 687), Шығыс Қазақстан облысында (995) және Жамбыл облысында (889) болған. Ең азы Солтүстік Қазақстан (163), Атырау облысында (186) және Маңғыстау облысында (196) тіркелген.

Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтарынан 2020 тамызына дейін, ОГПО міндетті автосақтандыру полистерін ер жүргізушілердің 82 пайызы және әйел жүргізушілердің 18 пайызы ресімдеді. Сақтандыру жағдайларын зерттеу барысында, 10 ЖКО-ның үшеуі, көлік жүргізуші әйелдер қатысуымен болатыны анықталды.
Әйелдердің қатысуымен болатын ЖКО-ның негізгі себептері: жол жүру барысында басқа автомашиналармен аралық қашықтықты бұзу, қарама-қарсы жолаққа шығып кету, қиылыстағы жаңылыс маневрлер немесе автотұраққа орналасу барысында өзге автокөлікке немесе артқа шегіну кезінде зақым келтіру.
Сарапшылар ер жүргізушілердің маңызды себептерін де айқындады – жылдамдықты асыру, жол жүру барысында апаттық маневрлер жасау, мастану халінде көлікті басқару және жол қиылыстарындағы басымдылықты сақтамау.
ЖКО кезінде төлем алу үшін, сақтандырылған автокөліктің иесі апаттық комиссарлар және жол полициясы қызметкерлері келгенше, оқиға орнында болуға тиіс. Егер нұқсан мөлшері 350 000 теңгеден аспайтын болса, сақтандыру компаниясы өтемақыны апат орнында төлеуі мүмкін.
Еске саламыз, ОГПО міндетті автосақтандыру полисін енді сақтандыру компаниясының ffins.kz сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға, сонымен қатар, полис төлемін жарты жылға кейін қалдырып ресімдеуге болады, және 20 авто мен басқа 1000 құнды жүлде ұтып алу ойынның қатысушы ретінде автоматты түрде тіркелесіз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу