ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ
23 қыркүйекте Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 1-4 курс студенттеріне еліміздегі зайырлылық қағидалары мен мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы хабарлады.
Университетке келген БҚО Дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бағдат Адайхан білім алушылармен кездесіп, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни заңнама, зайырлылық тақырыбында сөз қозғап, теріс ағымдардан сақтану шараларын түсіндірді. Дінтанушы діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын айтып, кез келген ақпаратты аларда аса ұқыптылық таныту керектігін атап өтті.
Сонымен қатар дін саласының өкілі әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жалған ақпараттардан сақтану қажеттігін айтты.
– Оларды сақтау немесе тарату сынды қарапайым іс-әрекеттер заңға қайшы келеді, көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін жеткізеді, – деп тарқатты.
Тағылымды кездесу соңында студенттер дін тақырыбында көкейлерінде жүрген сауалдарына толыққанды жауап алды.
Бұған дейін жоғары оқу орнының 1-курс студенттері арасында «Жат ағымдарға жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары онлайн форматта жүргізілген болатын.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу