8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2018 3286 0
Қоғам

ЖАН САРАЙЫН АШҚАН КЕШ

Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі ақын Ғайсағали Сейтақ қонақта болды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы Ғайсағали Сейтақты осы оқу ордасының ректоры, қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серғалиев қабылдап, мерейлі 60 жасымен құттықтап, құрмет көрсетті. 

 

Алдымен тепсе темір үзердей  кіл жігіттер жағы ақын ағаларының патриоттық  өлеңдерін тебірене жатқа оқып,  көрермен қауымның рухын көтерсе, «Көңілдің архивінде қалсын өлең» деп аталған  кеш шымылдығын  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақ Жайықтың ­Ақ шағаласы ­Ақұштап Бақтыгереева құттықтау сөзімен ашты. Қаламгер інісінің сонау студент кезін,  өлең өлкесіне құлаш ұрған қарлығаш қанатын көрген Ақұштап апа әуелі зал толы студенттерге: «Осы отырған қайсысың кімнің, қандай ақынның өлеңін жатқа білесіңдер» деген сұрақ қойды. Осы мезетте қаракөз қыз бала орнынан ұшып түргеліп айбынды Мұқағалидың «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға» деген жыр жолдарын ақ жаңбырдай төгіп қоя берді. Университет залы сілтідей тынды. Өлең аяқталған бойда Ақұштап Бақтыгереева: «Міне, бүгін алдарыңда отырған, өзінің өзгермейтін азаматтық болмысымен, өзінің қайталанбайтын үнімен, сабырлы мінезімен, кісілік келбетімен, қарымды қаламымен елге танылған Ғайсағали ағаларыңда тап осы ғимаратта білім алған. Сіздер секілді өлеңге ғашық студенттің алды болған. Дәл сол сәттерді сіздер арқылы көз алдыма елестетіп тұрмын. Сондықтан сіздерге өлең оқытып тұрмын. Ұлы Абайдан бастап барша ақын-жазушылардың кітаптарын сүйіп оқитындар  ғана  елі мен жеріне адал қызмет етіп, абыройлы бола алады. Ғайсағали секілді перзенттік парызын ақтап, мықты азамат бола алады» деді. Осылайша көрермендерді қыздырып,  кеш қонағына апалық тілегімен жылылық сыйлаған Ақұштап Бақтыгереева «Нарынның нар ұлдары» деп келетін Сейтақтың Ғайсағалиы туралы философиялық ойлар айтып, тыңдаушысын ұйытты. Сол секілді бір кездері А.Пушкин атындағы педагогикалық институтта білім алған Ғайсағали Сейтаққа дәріс берген, қазақтың  аяулы қаламгері Рахымжан Отарбаевқа куратор болған ардақты ұстаз-ана Меруерт Жолдықайырова да сахна төріне көтеріліп, шәкіртіне аналық батасын арнады. Журналист әрі ақын баласымен мақтанатынын, өлеңдерін сүйіп оқитынын, ұзақ ғұмыр тілейтінін жеткізді тоқсанның төріндегі Меруерт анамыз.

 

Осы кеште ақжарма тілектер ақынның үйіндегі асыл жары, ұл-қыздарының аппақ анасы Тамара Нәбиқызына да арналды. Әнші-термеші Фархат Оразов Бөкейорданың тумасына арнап өз заманында халқымыздың  қолбасшысы болған  Бисен Жәнекешовтің  туған жер туралы толғауын төгілтсе, БҚМУ магистранты Гүлжанат Амангелдиева  Ғайсағали Сейтақтың өлеңдерін ғылыми тұрғыдан талдап берді.  Ал үзеңгілес достары естеліктерден сыр шертті. Өлкемізге белгілі тарихшы, БҚМУ-дың ғылым кандидаты Жаңабек Жақсығалиев ақын поэзиясы арқылы тарихтың қалың беттеріне үңілді. «Егер Бөкей болмаса…», «Аман бол, атамекенім» секілді  көптеген өлеңдерінен тарихи деректер келтірді. Сөйтіп, небәрі екі сағаттың ішінде көрерменнің жан сарайын ашып, ұлылық пен парасаттылықтың үлгісін паш еткен кеште жастар жағы сұрақтарын қойып, ақынмен сырласты. Табиғи таланттың қайда да ғұмыры ұзақ жасайтынын дәлелдеп баққан кештен туған ауылынан, алтын ұясынан түлеп ұшқан өрімдей студенттер ғажайып тағылым алды. Ақынның құшағын гүлге толтырған кеш  шын мәнісінде «Көңілдің архивінде» қаламгердің қанатты жырларын ғана қалдырды…

                                                                                                     Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
195 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
200 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
343 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
638 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
731 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
977 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1244 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1471 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1508 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1662 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1857 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2081 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2168 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2282 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2284 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»