«ЖАЙЫҚ ҮНІН» ЖИІ ОҚИМЫН
Шәкірттерімнің әр жетістігін жұртшылықпен бөлісуге үн қосып, жеңісімізді еселеуге атсалысып жүрген «Жайық үні» газеті. Әр шыққан белесімізге қуана білген басылымның болғаны біз үшін мақтаныш.

2007 жылы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге алғаш студент болып келгеннен «Жайық үнін» сүйіп оқимын. 2011-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін бітірген соң өзім түлеп ұшқан Құрманғазы колледжіне «халық аспаптары» бөліміне домбыра сыныбының оқытушысы болып жұмысқа тұрдым. Осы арадағы үш жыл ішінде газеттің тұрақты оқырманына айналдым. Колледжіміздің басшысы Нұржан Сертековтің өзі бастап, «Жайық үніне» жазылып келеміз. Ақпаратты интернеттен-ақ оқуға болады. Бірақ, газеттің жөні бір басқа деп білемін. Шаһар тынысы, жақсы адамдардың шарапаты, өңірге келген белгілі адамдармен сұхбаттардан ой көкжиегімізді кеңейтер мағлұматтар алып отырамыз. Алдағы уақытта да газеттің оқырманға жеткізері мол деп сенемін. Жастардың белсенділігі, олардың қоғам дамуына қосар үлесі туралы көбірек оқығымыз келеді.
2019 жылға жазылу науқаны жарияланған бойда газет редакциясына келіп, бір жылға жазылдым. Жерлестерімді де газетке жазылуға шақырамын. Қаламыздың төл басылымы «Жайық үнінің» таралымын көбейтуге атсалысайық.
Олжас ЖАНАЛИЕВ,
Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественном мероприятии, посвященном принятию Конституции
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО

Кіру
Пікір үстеу