8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2020 1293 0
Қоғам

…ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КОРПОРАТИВ БОЛМАЙДЫ

БҚО-да  эпидемиологиялық ахуал жақсармаса, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне жаңажылдық корпоративке рұқсат берілмейді. Бұл туралы кеше, 17  қараша күні коронавирусқа қарсы облыстық жеделштабтың отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты. 

–  Жаңа жылды мерекелеуге қатысты өтініштер түсуде. Осы ретте мемлекеттік органдарға ескертерім, ахуал айтарлықтай түзелмесе корпоративтік шара болмайды немесе жаңа жылды өткізудің жаңа форматын ойластыру керек. Әрі ол қайырымдылық сипатында болғаны жөн, – деді  Ғали Есқалиев.

Осы ретте өңір басшысы коронавирус пандемиясы кезінде  өңір кәсіпкерлері  шығынға тап келгенін ескерте отырып, жаңажылдық сый үшін тапсырыстарды осындай кәсіп иелеріне беруді ұсынды.

Айта кетейік, қараша айы басталғалы коронавирус инфекциясымен 503 науқас тіркелген. Бұл қазан айымен салыстырғанда 67 пайызға көп. Көп жағдайда ауру белгілері байқалмаған науқастардың саны артқан.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
37 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
85 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
79 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»