8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2020 1425 0
Қоғам

Өзгенің өміріне еліктеуге құмар жұптар көп…

Заманауи дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Полиция инспекторлары карантиндік шектеулер кезінде отбасылық қатынастағы зомбылық фактілері көбейгенін айтып дабыл қағуда. Бұл мәселе республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы шеңберінде «Отбасы» орталығында ұйымдастырылған «Отбасын сақтаудаға ортақ шынайылық» тақырыбындағы дөңгелек үстелде талқыланды. Шараға жастар, жаңа шаңырақ көтерген жұптар қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының бастамасымен жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні аталып өтеді. Осы күннен бастап «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты науқандық шара өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл халықаралық науқан 10 желтоқсан – халықаралық адам құқығы күніне дейін жалғасады. Отбасындағы кикілжің, зорлық-зомбылық жағдайларының туындауына әлеуметтік себептермен қатар, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сенімінің жоғалуы себеп болады. Отбасын құру алдында жұптардың бір-бірін толық тани алмауы, жұбының өткенінен бейхабар болуы және өткен күндегі күңгірт жағдайлардың отбасылық өмірде ашылуы – араға сызаттың түсуіне әкелетіні өмірде жиі кездеседі. Одан кейін қол көтеру, зомбылық әрекеттердің орын алуы қалыпты жайт. Осындай тұрмыстық мәселелермен жиі бетпе-бет келетін зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының мамандарына бұл жағдай етене таныс. Дөңгелек үстелде дағдарыс орталығының директоры Талшынай Жүніс тәжірибесінде алдына келген бірнеше жұптың оқиғалары туралы айта келіп, қатысушыларды адалдық мен шынайылық және отбасындағы тәрбие төңірегінде ашық әңгімеге шақырды.

БҚО Полиция департменті жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Диляра Сатарованың мәлімдеуінше, өңірімізде отбасылық-тұрмыстық қылмыс былтырғы жылдан 40 пайызға өскен.

– Отбасылық зорлық-зомбылық дегенде тек әйелдерді ғана айтамыз, ал балалардың жағдайы үнемі сырт қалып жатады. Кәмелетке толмағандарға ересектер тарапынан көрсетілетін зомбылық оқиғаларға да мән беруіміз керек. Әр бала – бірінші кезекте өмір сүруге, денсаулығының сақталуына, оқуға құқығы бар екенін және ата-аналары оны ұрмауы тиістігін, барлық жағдайын жасауы керектігін білуі қажет. Осы мақсатта ақпараттандыру белсенді жүргізілуі керек. Яғни, әр бала қиын жағдайдан шығар жолдың болатынына, өзін қорғайтындардың бар екеніне сенімді болып, кімге, қайда хабарласуға болатынын білуі тиіс, – деген полиция инспекторы отбасындағы баланың психологиясы бұзылмауы үшін ересектер отау құрудың алдында бұл одақтың мәнін түсінуі қажеттігін алға тартты.

Талшынай Жүністің сөзінше, бүгінде дағдарыс орталығына жүгініп, қызмет алушылардың дені – 18 бен 30 жас аралығындағы жұптар. Бұл жас отауларға және болашақ жұптарға қолдау көрсетуге, отбасылық құндылықтарды насихаттауға назар аударудың қажеттігін көрсетеді. Жастармен белсене жұмыс жасайтын қалалық ақпараттық талдау және  жастармен жұмыс жөнініндегі ресурстық орталығы отбасылық спорттық, мәдени байқау-шаралар өткізіп, оған қоса биыл волонтерлар жылы аясында волонтерлықтың «Қамқор» және «Сабақтастық» бағыты бойынша жанұяларға көмек көрсетіп, тағылымды іс-шаралар жүргізуде. Орталық басшысы Дулат Жүсіпқалиев отбасындағы берекені сақтауда ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап, осы ретте «Асыл мұра» бағытында жұмыстар қолға алынатынын атап өтті.  Отбасындағы құндылықтар мәселесіне ерекше тоқталған «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тіл мен діннің ұмыт қалуы отбасылардың құлдырауына себеп боларын атады.

– Балаларға әке-шешенің мейірімі жетпейді ме деп ойлаймын. Отбасында мейірім шуағына  бөленбеген балғын есейгенде өзгелерге озбырлықты көрсетері кәміл. Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда-ақ басталады. Сондықтан өмірдің бір ағынында  болуды қалап жұп жарастырған екі жас алдымен өздерін және бір-бірін тәрбиелей білгендері дұрыс. Құрсақтатағы бала мейірімділікті сезінуі керек. Шаттық орнаған шаңырақта өскен бала жамандықтан ада болады, өзгелерге қиянат көрсетпейді, – деген Айнұр Серікқызы болашақта бір әулеттің түтінін түтетіп, ана атанар қыз баланың тәрбиесіне ерекше басымдық беру, қолөнерге баулудың маңыздылығына тоқталды. Өңірдегі жас жанұялардың жанашыры, кейінгі бес жыл бойы отбасылармен, оның ішінде зорлық-зомбылық фактілері жиі орын алатын жанұялармен  тікелей жұмыс жасап, бірнеше шаңырақтың сақталуына ықпал еткен «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова осы ойды жалғап, әр отбасының өз тәртібі болуы керектігін жеткізді. Оның сөзінше, бүгінде жаңадан шаңырақ көтергендер әлеуметтік желілерден өзгелердің «ертегі» отбасылық өмірлерін өздеріне үлгі санап, еліктеуге құмар.

–    Кез келген адамның әлеуметтік ортада өзін жақсы жағынан көрсете білуге, өзін жетілдіру арқылы белгілі бір қоғамдық дәрежеге жету мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Дегенмен, тектілік дегенді ұмытпауымыз керек. Біреудің жақсы ісін көрсек, «текті жердің ұрпағы ғой, текті екен» дейміз. Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен беріледі. Осы орайда ұрпағымызға ата-бабасының әжелерінің қадір-қасиетін, парасаттылығын үлгі етіп тәрбиелеуіміз керек, – деді Гүлмира Тайманқызы. Сондай-ақ ол бала тәрбиесіндегі олқылық бүгінде әкелер институтының нашарлауымен байланысты екенін, ерлердің әйелдің ер азаматқа берілген «аманат» екенін түсінбегенінен отбасында зорлық-зомбылық көбейгенін сөзіне тиек етті.

Дөңгелек үстелде отбасы құру алдында болашақ жұбайлар үшін отбасылық кеңесшілердің, өмірлік тәжірибелері мол «Аналар кеңесі» өкілдерінің ақыл-кеңестері маңызды екені аталып өтті. Сондай-ақ қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату мәселелері қозғалды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
81 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
382 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2217 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2382 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2389 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2440 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2445 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2924 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2978 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2972 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3553 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3544 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3520 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3680 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»