8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2020 1142 0
Өзек

ӨЗГЕНІҢ КАРТОЧКАСЫНДАҒЫ ҚАРАЖАТТЫ ОҢАЙ ҚАҒЫП АЛАТЫН АЛАЯҚТАР КӨБЕЙІП ТҰР

2020  жылдың жеті айында  Орал қаласы  аумағында 394  алаяқтық фактісі тіркеліп, 213-і ашылды. 394 фактінің 185-і интернет алаяқтығына қатысты материалдар.  Интернет алаяқтығына қатысты тіркелген қылмыстық істердің 16-сы ашылды. Бұл туралы Орал қаласы Полиция бақармасының  баспасөз қызметі хабарлады. 

Соңғы тіркелген фактілер көрсеткендей, қала тұрғындары «Оlx Уральск», «Колесо», «Каспий голд», т.б. әлеуметтік желілердегі хабарландыруларды қарап, тез арада тоңазытқыш, көліктің қосалқы бөлшектерін сатып аламын деген белгісіз тұлғаларға немесе ақша аударым жүйелері арқылы 600, 700 мыңға жуық қаражаттарын аударып, алаяқтардың құрбаны болуда.

Мысалы, 3-шілдеде, сағат 17.00 шамасында белгісіз тұлға «Оlx » қосымшасын  қарап, «Индезит» маркалы  тоңазытқышын дереу сатып алмақ болып, сатушыға хабарласып, карточка нөмірлерін сұрап, ақша аударатынын айтқан. Бейқам отырған әйел  барлық есепшот нөмірлерін телефонның ар жағындағы ер адамға айтқанда, аз-кем уақыттан соң  шотында тұрған 580 мың теңгенің  аударылып кеткенін көреді.   1973 жылғы, Орал қаласының тұрғыны Ғ.есімді азаматша алаяққа  алданғанын біліп, полицияға арыз жазды.

9-шілдеде, белгісіз тұлға  «Конденсат» жанар-жағар май құю бекетінің оператор-кассирінің ұялы телефонына хабарласып, «Сбербанк» карточкасына  60 мың теңге аударамын деген желеумен, қарызға ақша  сұрап алып, алдап соққан.

17 шілдеде 1984 жылғы қала тұрғынына хабарласқан бейтаныс жан өзін «Каспий» банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, «Сіздің есеп-шотыңыздан көп көлемдегі қаражат жойылып кетуі мүмкін сол себепті маған банк карточкасының, есеп-шоттардың нөмірлерін айтыңыз» деп сұрап алады да, шотта жинаулы тұрған  226 мың теңгені өзіне аударып алған. Жеке басы мен карточкаларының деректерін ағынан жарыла айта салған 1984 жылғы азамат интернет алаяғының құрбаны болғанын сезбей қалды.

17 шілдеде сағат 15.00-де белгісіз тұлға  «Колесо» қосымшасы арқылы көлік сататын жігітке хабарласып, көлігін тез арада сатып беру үшін алдын ала 200 мың теңге салуын сұрайды, 200 мың теңгені өзінің есепшотына аудартып алған соң ізім-ғайым жоғалып кетеді. 1996 жылғы көлік сатпақ болған азамат  алданып, 200 мыңынан қағылды.

25 шілдеде өзінің есімін Фарход деп таныстырған белгісіз тұлға «Оlx Уральск»  әлеуметтік желісі арқылы «газоблоктарды шығарып беремін» деп Каспий банк арқылы алдын ала төлем сұраған. Барлық карточкасының деректерін айтқан 1988 жылғы азаматша 30 минуттан соң  өзінің есеп шотынан 500 мың теңгеге жуық ақшасының белгісіз есепшотқа аударылып кеткенін байқаған. Оқиға орнына барған Орал қ.ПБ жедел-тергеу тобы ақшаның аударылғаны туралы чек көшірмелері мен аударымның скриншоттарын алып қайтты.

Осылайша, қала тұрғындарының сеніміне кірген аляқтар діттеген жымысқы ойларын жүзеге асыруда.     Соңғы уақытта өзін Каспии банк қызметкерімін деп таныстырып, қала тұрғындарының карталарының нөмірлерін, өзге де деректерін сұрап алып, алаяқтардың құрбаны болу фактілерінің жиілегені жасырын емес. Осы орайда Орал қаласы Полиция қызметкерлері осы жағдайларды ескерте отырып, қалалықтардан егер бейтаныс тұлға хабарласып, өзінің басқа қалада жүргенін айтып, дәл қазір картаңыздың нөмірін жазып салуды сұраса, бейтаныс адамдарға жеке басыңыздың деректері мен банк картасының пин кодтары мен нөмірлерін айтпауларыңызды сұрайды.

Алаяқтар  бірнеше азаматты дүрліктіріп, оларға көп шығын әкелді. Моральдық және материалдық тұрғыдан қаншама зиян келтірді. Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын  сұраймыз.

Айта кетейік, 2019 жылдың жеті айында 527 алаяқтық фактісі орын алды, оның 246-сы ашылған. Интернет жолымен алданған тұрғындардан 24 арыз қабылданған.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
78 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
147 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
380 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2215 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2380 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2387 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2438 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2443 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2922 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2976 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2970 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3583 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3551 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3542 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»