8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2021 1549 0
Қоғам

ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІСІ ЖӘҢГІР ХАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ

Бүгін, 26 мамыр күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев келді. Бұл туралы университеттің медиа-орталығы хабарлады.

Еліміздегі аграрлық-техникалық және  экономикалық бағыттағы көпсалалы  жетекші оқу орнына арнайы келген мейманды университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов қарсы алды. Өзбекстан елшісіне қонақжайлық құрмет көрсеткен университет басшысы оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында бірге аралап шығуды ұсынды. Алдымен «Ғылым басқармасында» болған Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі бастаған жұмыс тобы Студенттерге қызмет көрсету орталығында, Жәңгір хан атындағы музейде, Коворкинг орталығында, халықаралық қатынастар бөлімінде болды.

Сонымен бірге Саидикрам Пархатович Жәңгір хан университетінде оқып жатқан Өзбекстан елінің студенттерімен кездесті. Шетелдік жастардың бұл жақтағы жай-күйімен танысқан Өзбекстан елшісі оларға өздерінің ең басты мақсаттары – білім алу екенін естен шығармауға кеңес берді. Кездесу барысында студенттер мейманға өз сауалдарын қойды.

Айта кетсек, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бүгінгі таңда Өзбекстаннан келген 100-ден астам жас білім алуда. Батысқазақстандық жоғары оқу орнына Өзбекстаннан келіп білім алып жатқан жастардың бірқатары оқуларын осы жерде магистратурада жалғастыруға ниетті. Солардың бірі Алина Гумарова – «Мұнай-газ ісі» мамандығының 1-курс студенті.

– Осы оқу орнында білім алу жөнінде маған кеңес берген еді. Мен өз таңдауыма өкінбеймін. Мұнда білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Осы жақта магистратура оқып алып, кейін жұмыс жасасам деген жоспарым да бар, – дейді өзбек қызы.

Ал өз қандасымыз Гүлмира Ахмедова Оралға Ташкенттен келген.

– Мен экономика саласы бойынша білім алудамын. Орал қаласында білім алып жүрген алғашқы студенттер болғандықтан, бізге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Университет ұстаздары да бізді жылы қарсылады, достарым да көбейді. Қазір жатақханада тұрамын. Кейін университетте магистратурада оқуымды жалғастырғым келеді. Оқу бітіргеннен кейін Қазақстанда қалсам деген ойым бар. Ата-анам Өзбекстанда тұрады, алайда олар менің шешіміме қарсы емес, – деді Г.Ахмедова.

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі  Саидикрам Ниязходжаев Батыс Қазақстан облысына бұл сапарын екі елдің аймақтары арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен түсіндірді.

– Екі ел арасындағы байланыстың түп қазығын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан елінің Президенті Шавкат Мирзиеев бекіткен еді. 2019 жылы Өзбекстанға мемлекеттік іссапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық қарым-қатынасты бұрынғыдан да нығайта түсті. Екіжақты 200-ден астам үкіметаралық келісімнен тұратын құқықтық база қос мемлекеттің аймақтары арасында меморандумдар мен келісімдер бекітуге мүмкіндік береді, – деген Саидикрам Пархатович аймақтардың ІІІ форумын Қазақстанда ұйымдастыру жоспарланғанын мәлімдеді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
140 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
397 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
655 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
896 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
931 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1279 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1513 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1600 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1710 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1719 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1747 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1752 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1855 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2076 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»