8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 1522 0
Қоғам

ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚАУІП КӨП

         Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Сатқановтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағымдағы жылы табиғи өрт қаупі мен суға түсу кезеңінің өту барысы, аттракциондардың қауіпсіздігі және облыстың құлақтандыру жүйесінің жағдайы және жаңғыртылуы мәселелері қаралды.      

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубековтың мәлімдеуінше, жыл басынан бастап 237 өрт оқиғасы тіркелген. Келген шығын мөлшері 9,9 млн. теңгеден жоғары. Өрт кезінде төрт адам қаза тапса, сегіз адам әр түрлі ауырлықтағы жарақаттар алған. Өрт қауіпсіздігі бойынша жеті мыңнан астам нұсқаулар жанармай бекеттері арқылы, сондай-ақ сауда-ойын-сауық кешендері арқылы таратылған. Өрт қауіпсіздігінің 329 бұрышы орнатылса, 2366 студентті қамтитын өрт сөндіру бөлімдеріне 25 экскурсия ұйымдастырылыпты. Коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде жұртшылыққа берілетін түбіртектердің артқы жағында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпарат орналастырылуда. Аймақ тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы бейнематериалдар, өрт қауіпсіздігі бойынша ескертулер таратылған.

Жылыту кезеңінде төтенше жағдайлар туындауының алдын алу, улы газдан адам өлімі мен жарақат алуын болдырмау және азайту мақсатында Департамент бөлімшелерімен «STOP улы газ» челендж-акциясы өткізілген. Жыл басынан бері улы газ (көміртегі тотығы) датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйлер қамтылған. Қазіргі уақытта 1800-ден аса улы газ (көміртегі тотығы) датчигі орнатылды. Бұдан басқа, кәсіпкерлердің қолдауымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне заманауи түтін датчиктері орнатылған. Аталған датчиктер түтінді анықтаған кезде бес секунд ішінде 101 кезекшілік-диспетчерлік пультіне сигналды берумен қатар, үй иелерінің ұялы нөмірлеріне смс-хабарлама жібереді. Күн тәртібінің екінші мәселесінде ағымдағы жылы табиғи өрт қаупі мен суға түсу кезеңінің өту барысы туралы да аталмыш департамент басшысы баяндады. Батыс Қазақстан облыс аумағында жалпы аумағы 13,5 гектарды құрайтын 2 табиғи өрт тіркелсе, жалпы ауданы 1793,8 гектардан асатын 119 табиғи жанулар орын алған. Дала өрттері тіркелмеген. Жану мен өрттің негізгі себебі, халықтың отты абайсыз пайдалануы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуі. Қазіргі уақытта 80 рейд өткізіліп, ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша 102 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 79537,5 теңге айыппұл салыныпты. Мемлекеттік орман қорының аумағында өртке қарсы минералданған белдіктерді орнату жұмыстары басталған. 9000 шақырым минералды жолаққа күтім жүргізу жоспарланған. Өрт қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін 7 орман шаруашылық бөлімшесі 151 500 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Облыс бойынша табиғи өрттердің алдын-алу және сөндіру бойынша қазіргі уақытта 150 ерікті өрт сөндіру құрамы құрылған, құрамында 2759 адам, 126 су тасығыш, 367 трактор, 366 басқа техника мен 1758 аспалы өрт сөндіру құралы және 119 мотопомпа бар. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарымен 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. Олар радиусы 25 шақырымды қамтитын жақын орналасқан 39 елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Ақжайық, Қазталов аудандарында өрт сөндіру бекеттерін құру үшін қаржы қарастырылып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жарияланған. Биылғы маусымда суға батудың 13 фактісі тіркеліп, 14 адам қаза болған, оның үшеуі балалар. Орал қаласында – 6 адам, Ақжайық ауданында – 4 адам, Бәйтерек ауданында – 3 адам, Қаратөбе ауданында – 1 адам тілсіз жаудың құрбанына айналды. Облыс бойынша бес жағажай нақты иелеріне бекітілген. Төтенше жағдайлар мен полиция департаменттері күшімен облыс орталығындағы су қоймаларында, атап айтқанда Жайық өзені бойынша Коминтерн ауылында және Жеңіс алаңы аумағында, «Металлист» зауыты, Затон Чапаев ауданында, Шаған өзені бойынша Мичурин ауылында патрульдеу ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағы мен Курени ауданы бақылауға алынған.

Жиында өңірдегі аттракциондардың қауіпсіздігі де жан-жақты  қозғалды. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК БҚФ директоры Айман Удишева «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға енгізу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР ұлттық стандарт талаптары ағымдағы жылдың 1 шілдесінен күшіне енетінін жеткізді.  Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта аттракциондарда, оның ішінде балалардың өлімімен және олардың жарақат алуымен жазатайым оқиғалар жиілеп кетті. Орын алған жағдайлардың себептерінің бірі аттракциондарды, оның ішінде үрлемелі жабдықты пайдалану кезіндегі белгіленген қауіпсіздік талаптарының болмауы болып табылады. Осы орайда Төтенше жағдайлар департаменті аттракциондарда адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша мониторинг жүргізуде. – Соңғы уақытта елімізде орын алған жағдайлар қоғамдық резонанс тудырды. Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік Кодексінде кез келген орган үшін көрнекті орындардың  жұмысын бақылау белгіленбеген. Департаменті облыс аумағында орналасқан үрмелі батуттарда төтенше жғдайдың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде. Облыс бойынша барлығы – 23 батут бар, соның ішінде аудандарда  – 5, Орал қаласында  18 орынды қамтыды. Рейд барысында батут иелері мен нұсқаушылармен балалардың үрмелі атракциондарды пайдаланудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды, – дейді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Сейдаханұлы. Бүгінгі таңда аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары орындалуын қадағалайтын органды анықтау мәселесі күн тәртібінде тұр. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары  Мержан Сатқанов барлық уәкілетті органдарға және облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне адам қазасы мен жарақатын болдырмауға бағытталған кешенді шараларды орындауға тапсырма берді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
291 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
436 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
474 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
741 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
755 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
882 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1186 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1277 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1301 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1515 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1786 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2007 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2051 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2193 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»