8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2020 1903 0
Қоғам

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

                      Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Тілдің мерейі – елдің мерейі» айдарымен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған дәстүрлі қалалық тіл фестивалі өтті. Фестиваль аясында жыл бойы өткізілген шаралар қорытындыланып, Орал қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.

Шара барысында өңірдегі жалпыұлттық бірлік мен ұлысаралық келісімді нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы ерен еңбектері үшін айтыскер ақын Гүлжайна Бисенғалиева   мен «Ағайын» этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ассамблея жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Болат Сәрсенов «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. Орал қаласы аумағында мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына атсалысып жүрген бірқатар тіл жанашырларына Орал қаласы әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Олардың қатарында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбетәлиев, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алтынбек Абдулманов, белгілі заңгер Абзал Құспан, «Ақжайық» телеарнасының журналисі Мұнайдар Балмолда, Орал қаласының тұрғыны, қала аумағында өткен «Бірге түзетейік!» шарасына атсалысқан Бекнұр Сражанов, «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Нұрлан Сәдір бар.

Р.ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»