8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2021 2007 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 30 ЖЫЛ: БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ

Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай БҚО-дағы білім беру мекемелерінде қоғамда бірлік пен келісімді, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қоғамдық санада Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамды дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізуге жұмылдыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Жоспарлы шаралар туралы бүгін БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева  фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде мәлім етті. 

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде ұстаздар, оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы кеңінен насихатталып, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету бағытында оқушылар, студенттер арасында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылатын болады.

– Барлық білім беру мекемелерінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында сыныптық сағаттары, «Ақылды ұрпақ» республикалық жобасы аясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесулер, «Рәміздер – елімнің мақтанышы» тақырыбына дебат, сынып сағаттары,викториналар, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты оқушылар арасында дебат турнирі, «Тәуелсіздік – қанатты үміт, орындалған арман» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны, «Балалар даму академиясы» іздестіру-зерттеу конференциясы және т.б. іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылады.  Білім басқармасының жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына үлес қосқан тұлғалармен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» рубрикасы, «Жарқын болашақтың ұрпағымыз» ашық алаңы, Тәуелсіздік құрдастарымен «Тәуелсіздік елім-мақтанышым!» тікелей эфирлері ұйымдастырылады. Аталған шараларды іске асыру қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, оқушылардың, студенттердің санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, патриотизм сезімін қалыптастырып, жаңа табыстарға ұмтылу мен жасампаздықты қалыптастырады деп сенеміз, – деді басқарма басшысы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
87 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
79 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
81 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
77 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»