СУ ЖАҢА ЖЕТІ АККУМУЛЯТОР ҚОЛДЫ БОЛДЫ
Оралдық полицейлер қылмысты бір тәулікте ашты.
3 ақпан күні шамамен сағат 03.00 мен 04.00 аралығында белгісіз тұлға Орал қаласы, Штыба көшесіндегі бір дүкен есігінің аспалы құлыптарын бұзып кіріп, дүкеннен су жаңа 4 аккумуляторды ұрлап шыққан. Дүкен иесі С.есімді 1971 жылғы азаматқа 100 мың теңгеден аса материалдық залал келді. Таңертең дүкеніне иесі есік құлыптарының бұзылғанын көріп, дереу Орал қалалық Полиция басқармасына телефон шалады.
Оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізіне түсіп, жедел іздестіру жұмыстарын қолға алды. Жедел уәкілдердің ептілігі мен қырағылықтары күдіктінің адымын алысқа ұзатпады. Дәл осы күні аккумуляторларды ұрлағыш 2002 жылғы С. есімді тұлғаны құрықтады. Полиция қызметкерлері күдіктіні басқармаға жеткізгенде ұрлағанын толықтай мойындады және жалпы 7 аккумуляторды үптеп кеткенін айтқан. Бұған дейін де кісі тонап, алаяқтыққа жол бергені анықталуда.
Қазіргі таңда күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері басталды.
Версия для печати
Пікір үстеу