8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2021 1601 0
Дені сау ұлт

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮШІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ЖАҢАРТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шағын және орта бизнес жұмысшыларының қарызданып, артынша оны жою қажеттігі туындамас үшін, олар туралы деректі «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылғандығы туралы «ӘМСҚ» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова мәлімдеді.

Қазіргі таңда шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшылары туралы деректер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, бұл қызметкерлер ӘМСҚ-на қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес, жеке тәжірибемен айналысып жүрген тұлғалар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерліктер жалдамалы жұмысшылары үшін шегерімдер төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді.

Бүгінгі күнгі деректерге сүйенсек, «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде шағын және орта бизнес жұмысшыларының сақтандыру мәртебесін жаңарту көлемі 78,9%-ті қамтыды.

Жұмысшыларының тізімі жаңартылмаған шағын және орта бизнес ұйымдарының саны – 79 721 (21,1%).

Егер сіз бизнесмен болсаңыз, қол астыңызда еңбек етіп жүрген азаматтардың қамын ойлап, қажетті ақпаратты уақытылы тапсырыңыз.

Егер сіз жалдамалы жұмысшы болумен қатар азаматтардың жеңілдікке ие санатына жатсаңыз, жұмыс берушіңізден сізді базаға енгізген-енгізбегенін сұрап біліңіз.

Естеріңізге сала кетейік, микро, шағын және орта/ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар жарна төлеуден босатылатын жұмысшыларының тізімін ай сайын жаңартып отыруы тиіс.

  • Ақпаратты жаңарту үшін Қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесі – msb.fms.kz сайтына жұмысшылардың жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
192 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
412 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»