«САДАҚА ӨТКІЗУДІ ТОҚТАТУ КЕРЕК»
«Ауыл-аймақта садақа өткізуді тоқтату керек». Бүгін облыс әкімдігінде өткен жеделштаб отырысында осылай деген Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, өңірдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Сондықтан аймақ басшысы ауыл әкімдері мен имамдардың садақа секілді азалы жиындар өткізбеуге күш салуын талап етті.
Өйткені науқастардың 35 пайызы осындай басқосудан ауру жұқтырады екен. Сондықтан қаралы үйге көңіл айта келгендерге жағдайды түсіндіріп, карантин талабын сақтауды ескерту керек. Үйге адам жинамай, садақаны көшеде де өткізуге болады, – дейді әкім.
– Жағдайымыз былтырғыдан да нашар. Ең қауіпті, қиын ай өткен жылы шілде айында болды. Онда күніне 120-130 адам осы вирусты жұқтырса, қазіргі кезде күніне 180-200 науқас тіркеледі. Яғни, былтырғыдан да жағдай нашар. Мұнда тек антына адал жүрген дәрігерлеріміздің арқасында ғана аман қалып отырмыз,– деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. Айта кетелік, ертеңнен бастап, Орал қаласы мен облыс аудандарында 19 блок бекет қойылып, көлік қозғалысы шектеледі. Облыстағы 17 инфекциялық стационардың тең жарымы науқасқа толған. Ал жыл басынан бері ауыр індеттен 107 адам көз жұмыпты.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу