Сұлужан ТАУБАЛДЫ: «Оралым, амансың ба, көрікті ордам?»
5 наурыз күні Орал қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысында көрермендер ең жас ақын Сұлужанның айтысу өнеріне көпшілік тамсанып, айрықша қошемет білдірді. Небәрі 25 жастағы бойжеткен Қытай елінен ата-жұртқа оралған қандасымыз екен. Бүгінде Қазақ ұлттық универсеттінде дәстүрлі ән кафедрасының 4-курсында оқиды. Болашақ дәстүрлі жыршы бұған дейін де республикалық мүшәйралардың жүлдегері атанып үлгерген. Ырысжан, Саралардың жырдан өрген жалғасы Сұлужан Таубалдықызы бұл айтыста Маңғыстаудың ақыны Арғынбек Қалбаймен жұптасып, қыз бен жігіт айтысының дәстүрін жалғады.

«Жауларын жасқанбай-ақ жеңіп болған
Батасын ұрпақтарға беріп болған,
Оралым, амансың ба, көрікті ордам?
Бұл елдің ақсақалды аталары
Тұлпар мен ақ найзаға серік болған.
Бұл елдің ақ жаулықты аналары
Қасқырдың жүрегіне жерік болған.
Исатай, Махамбеттей ерлер туып,
Ежелден босағасы берік болған.
Дәулеткерей, Құрманғазы аталарым,
Күмбірлі күйін төккен көрікті ойдан…» – деп Жайық жеріне арнауын жеткізген Сұлужан:
«Ел өзі танып алар дараларды
Пейілі ағы мен қараларды
Бір үйден бес бірдей қыз жанып кетіп,
Толғантты елім деген ағаларды.
Көп балалы аналар көтеріліп,
Ханға да, қараға да қарамады.
Заң жүзінде барлығын реттеді
Елбасымдай елімнің қара нары!
Қазағымның қайғысын жеңеміз деп
Министрлер шетінен жаңаланды.
Бес жыл бойы түк бітірмей жүрген жандар
Бес қыздың қазасынан сабақ алды.
Үкіметке жаңа келген біліктілер
Дамытсын ауыл менен қалаларды
Көп балалы аналарға үй берсе екен,
Бақытты етпесе де бар адамды.
Халықтың сенімінен шығам десе
Ешқашан жылатпасын аналарды», – деп назын білдірді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу