8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2026 21 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді

Орал қаласында қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібінің сақталуына кезекті мониторинг ұйымдастырылды. Бақылау барысында мамандар жолаушылардың жолақыны уақытылы төлеуі мен электрондық төлемнің расталуын тексерді.

Мониторинг кезінде тұрғындарға жолақыны автобус аялдамадан қозғалғаннан кейін келесі аялдамаға жеткенге дейін төлеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар төлемнің түбіртегі немесе электрондық растауын сапар аяқталғанға дейін сақтау керектігі ескертілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық көлікте жолақыны төлеу – әрбір жолаушының міндеті. Заң талаптарына сәйкес, жолақысын төлеуден жалтарған тұлғаларға 2 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылады. Бұл талап қоғамдық көліктегі тәртіпті қамтамасыз етуге және тасымалдау қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Қалалық жолаушылар көлігі саласына жауапты мамандар тұрғындарды жолақысын уақытылы төлеп, белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады.

 

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»