8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2021 1619 0
Өзек

ӨРТЕНГЕН ҮЙДЕН ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Кеше, 25 қаңтар кешкі уақытта Оралдағы Артығалиев көшесі, 18  мекенжайындағы тұрғын үй өртенген. Төрт пәтерлі үйдің бірінші пәтерінен басталған өрт көрші пәтерді ішінара шарпып өтті. Оқиға орнынан қарияның мүрдесі табылды. 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы «101» байланыс телефонына сағат 22.22-де түскен. Өрттен 4 пәтерлі тұрғын үйдің 1-пәтері және ішінара көрші пәтердің шатыры жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақ жанған. Өрт орнынан 1932 жылы туылған пәтер иесінің мүрдесі табылды. Өрт сағат 23.37 минутта  толықтай сөндірілді.

Өрт орнында төтенше жағдайлар департаментінің 26 қызметкері мен 8 техникасы, полиция департаментінің тергеу-жедел тобының 6 қызметкері мен 2 техникасы жұмыстанды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап өтейікғ жыл басталғалы бері облыс аумағында 29 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде 16-сы тұрғын үй секторында болған. Өрттен 1 адам жарақат алды. Сонымен қатар төтеншеліктер автокөліктегі өрттердің де саны артқанын айтуда. Облыс аумағында биыл 6 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркеліп үлгерген. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға артып отыр.

Сала мамандары өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау арқылы ғана өрттің алдын алып, қайғылы жағдайға орын бермеуге болатынын еске  салады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
29 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
82 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»