ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің алдында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылған болатын. Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтардың іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев резервтің ең маңызды мәселелерін жетекізді.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талап – бұл азаматтылығы және үміткерлердің жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі5 жылдан жоғары болуы тиіс. Президенттік жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады. 1 қыркүйектен бастап резервтің ресми сайты pkrezerv.kz іске қосылды. Онда үміткерлер тіркеліп, өз құжаттарын тапсыра алады. Агенттіктің интернет-ресурсында және республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында іріктеуге өтініш қабылдау басталғаны жөнінде хабарландыру жарияланды.
Ғалым Тұрсынбаев атап өткендей, потенциалды резервшілерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Құжаттар автоматтандырылған жүйеде жиналады. Департамент басшысының сөзінше, өтінім беру барынша жеңілдетілген. Аталған автоматтандырылған онлайн-платформаға тиісті сілтемелері бар толық ақпаратты Агенттіктің qyzmet.gov.kz сайтынан табуға болады.
Екінші кезең, үміткерлердің қабілеттерін тестілеу. Аталмыш сынақ үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған.
Ол үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың талдап-сараптау деңгейін және логикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Үшінші кезең, кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау. Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынады. Үшінші кезеңде үміткерлердің көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық көзқарасы мен кәсіби құндылығы бағалаланады. Эссе арқылы үміткерлердің сауаттылығы, білімпаздығы мен ой-өрісінің тереңдігі, сыни ойлау деңгейі, логикасы, айғақты әрі негізделген түйін жасай алу қабілеті бағаланады. Өз кезегінде, жобалық жұмыс қатысушының таңдап алған лауазым тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттары бойынша пайымын бағалауға негізделген. Құзыретін бағалау арқылы қатысушылардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметке деген жұмыс уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзыреттілігі анықталатын болады. Эссе мен жобалық жұмыстарды тексеру онлайн жүйеде өткізіледі. Оның объективтілігі үшін процестің бейнежазбасын жүргізу жоспарланып отыр. Құзыреттерді бағалау Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында сарапшылармен топтық ассесмент құралдарын (бұл топтық бағалау жүйесі) пайдалана отырып жүзеге асыралады.
Төртінші кезең, сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу. Осы кезеңдегі іріктеуге алдыңғы сынақтарда бал жиынтығы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.
Президент Әкімшілігі тарапынан құрылатын Комиссия бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссия ашық дауыс беру жолымен Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды және Ұлттық комиссияның қарауына жібереді.
– Іріктеудің қорытынды кезеңінде кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатуралары қаралады. Осы кезеңге Сараптамалық комиссия ұсынған ең жоғары көрсеткіші бар қатысушылар жіберіледі. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар резервіне кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданады. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін азаматтар іріктеуге қатысушылардың ақпараттарын көре алады. Яғни, азаматтарымыз іріктеуге кім қатысқанын біледі. Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімін жариялаймыз. Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады. Олар іріктеу процестерінің ашықтықтығы мен объективтілігін қадағалай алады, – дейді Ғалым Сұлтанұлы.
Версия для печати
Пікір үстеу