8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІI жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

 

 

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІI жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

25 Сәуір 2020 1031 0
Қоғам

ПІТІР САДАҚАНЫ KASPI.KZ АРҚЫЛЫ БЕРУ КҮМӘНДІ МЕ? – ҚМДБ ЖАУАП БЕРДІ

ҚМДБ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болатынын мәлімдеген болатын. Алайда, қазіргі кезде әлеуметтік  желілер арқылы пітір садақаны kaspi.kz арқылы беру күмәнді екені айтылған жазба таратылуда. Аталған жағдайды БҚО орталық мешітінің  бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаевқа  жолдаған едік. Ол осы мәселеге орай ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі мамандарының берген жауабын жолдады және әлеуметтік желі арқылы жазба таратқан адамның елді адастырып отырғанын айтты.

Жазбаға  орай түсінік берген ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша пәтуа ісіне жауапты маманы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің найб имамы Елбек Қожамұратовтың айтуынша, ол адам кітаптан оқығанымен, дұрыс түсінбей қалған болуы мүмкін. Сондықтан ол кісінің тұжырымдамасы қате.

«Ол кісі: «көзбен көріп, қолына бер» деген аят бар ғой, соны бұрмалағысы келе ме?» деген сын айтты.Әлбетте, зекет, пітір садақа немесе фидия мұқтаждың қолына берілуі керек. Ол бар, яғни шарт. «Бақара сүресінің»  43-аятында: «Намазды орындаңдар, зекетті қолға беріңдер, рукуғ етушілермен рукуғ етіңдер (Алланың құзырына бас қойып иіліңдер)» деген. Соны меңзеген шығар.  Зекетті қолма-қол беруі керек екендігі айтылды. Ендігі мәселе – зекет кімдерге беріледі. Сол мәселені бұл кісі не естімеген, не түсінбеген. Алла Тағала Құран Кәрімде «Тәубә» сүресінің  60-аятында: «Зекет, пітір-садақа, фидия кедейлерге, міскіндерге  беріледі,зекетті, фидияны пітір садақаны жинап жүргендерге беріледі, жүректерін байлау үшін болған адамдарға беріледі, құлды азат ету үшін беріледі, қарызға батқан адамдарға беріледі, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Бұл – Алла белгілен парыз. Алла – білуші, дана» деген. Осында зекетке жұмыс жасаушыларға берілетіні айтылған. Яғни, жұмысының көлемінде оларға да бөліп беріледі. Құранның өзінде айтылып тұр. Зекетті жинаушы адамдар болады. Олар бай да, кедей де  болуы мүмкін. Жинағанының үлесінен белгілі мөлшерде сегіз топтың біріне еніп, өзі де ала алады жұмысының ақысы ретінде. Зекет жинаушы не істейді? Пайғамбардың кезінен сахабалар жан-жаққа жіберіп, зекеттерін жинап Мединеге алып келетін, сосын кедейлерге таратылатын немесе алыс елде  болса, сол елден жинап, сол елдің  кедейлеріне таратылатын. Пітір садақаны немесе фидияны зекет жинаушы жинай алады. Қазіргі кезде зекет жинаушы кім? Кез келген адам мұқтажды біліп тұрса, соған қолма-қол бере алады. Екінші жолы – зекет жинаушылар арқылы беру. Зекет жинаушы тарап адамдардың зекетін, пітір-садақасын, фидиясын жинап, қажет ететін адамдарға береді.Бұл пайғамбарымыздың кезінен қалыптасқан.

Пайғамбарымыздың имам Тирмизиден жеткізген хадисте «Хақпен садақаны жинауға жұмыс жасайтын адам Алла Тағаланың жолында шайқасқа шыққандай» деген. Яғни үлкен сауапқа ие болады. Үйне қайтқанға дейін сауап алады. «Жазбада апайдың айтып отырған «қолма-қол берілуі керек» дегені рас. Бірақ, дін маманы болмағандықтан, «Зекет кімге беріледі?» деген аятты білмеген болуы мүмкін. Зекетті қолма-қол немесе зекетті жинаушылар арқылы беруге болады. Біздегі мүфтият, мешіт – зекетті жинаушы тарап болып табылады. Олар зекетті жинап, мұқтаждарға бөліп береді. Бұл үрдіс атам заманнан келе жатыр» дейді дін маманы.

Сондай-ақ жазбада апай kaspi.kz күмәнді екенін айтқан. Дін маманы бұған да айрықша  тоқталып, жауап берді:

«kaspi.kz өзінен өзі «пітір-садақаны» ашпайды. «пітір-садақа» қосымшасын ашу үшін оларға  ҚМДБ-нан бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми ұсыныс түсірді. Әр өңірдің мешітінің  есепшоттары берілді. kaspi.kz арқылы таңдалған өңірдегі мешіттің есепшотына түседі. Мешітке келіп пітір-садақа бергенің мешіттің  қорына түссе, kaspi.kz арқылы беру де мешіттің қорына түседі. Сол мешіттен мұқтаждарға таратылады. «Шынымен таратады ма» деп күмәнмен қарайтындар қолма-қол өзі мұқтаж деп тапқан адамына берсе болады. Ешқандай қарсылық жоқ. Бұл бұрыннан айтылып келеді» деді Елбек Қожамұратов.

Сондай-ақ жазбадағы дауыс Айша анамыздың сұрағына жауап ретінде Пайғамбарымыздың хадисі туралы айтқан. Алайда, дін өкілі мұндай хадисті кезіктірмегенінен жеткізді. Дегенмен, сол мағынада аят бар екен.

«Бақара сүресінің 243-аятында садақа алушының сипаты айтылады. Онда садақа кедейлерге болатыны айтылған. Өзін құдай жолына атаған, шектеліп қалған, жерде  еңбек ете алмайтын, яңни мұқтаждардың санатындарға берілетіні көрсетілген. Дегенмен, оны  жақсы білмейтіндер олардың тіленшілік етпейтіндігіне қарап, оларды бай деп ойлайды. Бірақ, олардың мұқтаж екендіктерін түр-әлпетінен білесің. Адамдардан қадалып сұрамайды. Өзінің  мұң-мұқтажда екенін  білдіргісі келмейді. Ұялады. «Қарызға бересің  бе» деп қана сұрауы мүмкін.  «Не нәрсені қайыр-сахауат етсеңдер де, Алла бәрін біліп тұрады» делінген. Яғни «мұқтаждарға беру керек» деген аят бар, ал хадисті мен кездестіре алмадым. Жазбада ол кісі «зекет жинаушы тарапқа  беруге  болмайды» деп оны діннің қағидасы  ретінде  көрсеткісі келген. Зекет жинаушы тараптың бар екендігін, дінде  бекігендігін ол білмей тұрған болуы мүмкін» деді Елбек Қожамұратов.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша пәтуа ісіне жауапты маманы Елбек Қожамұратов  екінші аяттың бар екенін білмей тұрып, апайыдң «дінді бұрмалады деу» дұрыс еместігін айтты. Сондай-ақ дін өкілі жазбада айтылған фидия төлеу мәселесіне де түсінік берді.   

«Фидия ешкімнің ойлап тапқаны емес. «Бақара» сүресінің 183-184-аяттарында Рамазан оразасы парыз етілгендігі туралы айтылды және Рамазанның оразасын ұстай алмайтындар жоқшылықтағы адамдарды тамақтандырып, фидия беруі керектігі айтылады. Фидия туралы Құранда бар. Оны да апайымыз білмей тұр. Сондай-ақ «фидия шамасы жеткендерге» делінген. Бұл жөнінде ҚМДБ түсіндіріп, фидияның мөлшері Құранда айтылғандай, тамақтандырумен болатынын айтты. Тамақтандыру Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай екі мезгіл болады. Қазір ең төменгі бағамен алғанда әр өңірде фидия төлеушілердің жан басына шаққанда  1700 теңгеге шығып тұр. Ал егер күнделікті 1700 теңгені беруге шамасы жетесе, пітір-садақаның мөлшерінде  беріледі, ал оған да шамасы жетпесе, ол фидия төлеуден босатылады. Фидияны – өмір бойы ораза ұстауға дәрменсіз адам төлейді. Сол ұстай алмаған күндері үшін фидияның мөлшерін төлейді. Жағдайы жетсе күніне екі мезгіл жоқшылықтағы адамды тойдырады немесе ақшасын төлейді, кедей болып мүлде  шамасы жетпесе төлемнен босатылады» деді дін маманы.

ҚМДБ өкілі бұл жазба әдейі таратылған болуы мүмкін екенін айтады.

«Жазбаның иесін Алла  кешірсін. Қазақта «дүмше молда дін бұзады» деген бар. Яғни діннен арнайы білімі болмай сөйлегені дінбұзарлық. Қандай кітапты негізгі алып отырғаны да белгісіз болып отыр. «Дүмше молда» дегені міндетті түрде  дін қызметінде  болуы шарт емес. Қайбір адам арнайы білімі болмай, байыбына бармай, дін туралы сөйлесе, дін бұзғандығы. Бұл кісі үрдістегі нәрселерді  жоққа шығарып отыр. Пайғамбарымыз «Дінде  болады, болмайды деп асыққан адам – тозаққа  асыққан адам» деген. Егер дін жөніндегі  сұрақтары болса, маманынан келіп, дәлелін, негізін сұрасын. Бұл жазба мүдделі адамдардың әдейі жасап отырғанындай көрінеді. Қасақана жазылып таратылған болуы мүмкін. Дінге қарсылық көрсетушілер, дұшпандық пейілде жүрген адамдар жеткілікті. Сырттан тон пішпей, жүзбе-жүз сұрағаны жөн болар еді. Ол апайдың тағы бір қателігі, бұл барлық  мұсылмандарға ескерту болсын – ешбір адам Құраннан, хадистен үкім шығара алмайды. Бүкіл әлем мәзһаб ұстаймыз. Мәселен, біз ханафи мәзһабын ұстаймыз. Тіптен қазіргі дін қызметкерлері, ғалымдары Құраннан үкім шығара алмағандықтан, мәзһаб ұстайды. Яғни, Құран, хадисті зерттеп, түсіндіріп берген имамдарға  ілесеміз. Мысалы, біз имам Әбу-Ханифаға ілесушіміз. Алла, жазба иесіне  жеңілдік, туралық берсін» деп аяқтады сөзін дін өкілі Елбек Қожамұратов.

 

Жазып алған Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Дені сау ұлт
БҚО-ДА 269 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛДЫ
29 Мамыр 2020
28 0
Қалалықтар қаперіне
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
28 Мамыр 2020
87 0
Өзек
ОРАЛДА ЖАЗҒЫ КАФЕ ӨРТЕНДІ
27 Мамыр 2020
124 0
Қоғам
КАРАНТИН ҚЫСҚАРСЫН ДЕСЕҢІЗ…
27 Мамыр 2020
102 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНДА ЖАҢА БАСШЫ
26 Мамыр 2020
99 0
Қоғам
ҰБТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
26 Мамыр 2020
299 0
Қоғам
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
25 Мамыр 2020
75 0
Қалалықтар қаперіне
БҚО-ДА КАРАНТИНДІК РЕЖИМ 15 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
23 Мамыр 2020
724 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДА ДЕРКӨЛ КЕНТІ ҚҰРЫЛДЫ
22 Мамыр 2020
232 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»