8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қазан 2021 1599 0
Дені сау ұлт

Pfizer-ді жасы 12-ден асқандарға және жүкті әйелдерге қолдануға болады

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пара беріп, Pfizer вакцинасын салдыру туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Pfizer-ді күтетін және армандайтын адамдар бар екені түсінікті. Әйелдердің өтірік жүктімін деп айтса немесе пара беру арқылы осы вакцинаны алуға әрекет етсе, қандай шара қабылдайсыздар?», – деп сұрақ қойды журналистер.

«Pfizer вакцинасының өзін 12 жастан бастап жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге қолдануға болады. Үшінші триместрдегі әйел өзінің жүктілігін жасыра алмайды, бәрі анық көрініп тұрады. Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамды вакциналау туралы шешім қабылдағаннан кейін біз оны жүзеге асыруға дайынбыз. Барлық жұмыс орталықтандырылып, мұздатқыш қондырғылармен қамтамасыз етіледі. Пара беріп вакцина алу нұсқасы да мүмкін емес. Біз бәрін заңнамалық нормада пысықтаймыз», – деп түсіндірді Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 226 811 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 63 пайызы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
114 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
297 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»