ОРАЛДЫҚТАРҒА МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін оралдық еріктілер қала тұрғындарға отыз мың медициналық масканы тегін таратты. Шара Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «#Жақыңынажанашырбол #Маскатағайық» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Орал қаласының волонтерлері бұл акцияға күні бұрын дайынлады. 23 шілде күні «Жасыл Ел» штабында жиналып, 30 мың масканы қабылдап алды. Арнайы қорғаныш киімін киген еріктілердің бір тобы маскаларды шағын қораптарға салумен айналысса, енді бір тобы оларды алдын ала дайындалған арнайы көліктерге тиеді.
– Карантин кезінде кейбір азаматтар, өкінішке орай, сақтық шараларының қарапайым әдістерін ұстамайды және қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетперделерді кимейді, арақашықтықты сақтамайды. Әркім қауіп-қатердің әлі сейілмегенін жете түсініп және қорғану құралдарының инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін ұғынуы маңызды. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға, қала тұрғындарына волонтерлар сақтық шараларын еске сала отырып медициналық маскалар мен үнпарақтар ұсынды.Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде, – дейді «Орал жастары» қозғалысының волонтері Дулат Жүсіпқалиев.
Акцияға «Жасыл ел» сарбаздары, «Орал жастары», «Ақжайық жастары» волонтерлары атсалысты.
Версия для печати
Пікір үстеу