8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2021 1303 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚ 21 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Жазғы демалыс кезеңінде Орал қаласында «Атамекен» лагері ғана 30 пайыздық толымдылықпен жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысына рұқсат жоқ.  «Атамекен» лагерінде COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алған тәрбиешілер жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен өткен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Лагерьде демалушы балалар  ПТР-тестілеу нәтижесінің қорытындысымен келеді. Оларға ПТР-талдауы жалпы білім беру есебінен жасалады.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың мәліметінше, қала мектептерінде 50 411 оқушы бар. 21 667-і жазғы демалыспен қамтылады. 584 оқушы «Атамекенде» демалса, атааналардың есебінен 21083 бала демалыс орындарына жіберіледі. Оқушыларды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  мәдениағарту бірлестігіне қарасты аула клубтары, спорттық үйірмелерге жұмылдыру жоспарда.

– Сонымен қатар 14 жастан асқан 700 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылады және атааналарымен бірге 8430 оқушы жұмыс жасамақ. Бұл ҚР Еңбек кодексіне сәйкес 4 сағаттық жұмыс күнімен, ата-аналарының келісімі негізінде  ұйымдастырылады. «Атамекен» лагерінде демалатын шәкірттердің 436-сы – ата-ана қамқорынсыз қалған оқушылар, 148 оқушы 50 пайыздық жеңілдікпен баратын дарынды оқушылар. Сонымен қатар 20 мыңға жуық оқушы жазғы мектепке келеді. Оларды сабақ оқумен қатар уақытты тиімді пайдалану мақсатында түрлі демалыс орындарына апару ұйымдастырылады. Қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелер жұмыс жасайтын болады, – деді Ақжарқын Мүтиғоллақызы.

Бұдан бөлек қаланың бас ұстазы жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар, ұсынылған нұсқаулықтар туралы баяндады. Айтуынша, білім беру ұйымдарында арнайы күзет қою, дабыл түймешесін орналастыру жөнінде білім басқармасына сұраныс жіберілген. Қаражат бөлінген жағдайда бұл мәселе кезекті оқу жылына дейін шешімін табатын болады.

Сондай-ақ қалалық мәдениет мекемелерінде, спорттық ұйымдар тарапынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары да таныстырылды.

Қала басшысы Абат Абайұлы жазғы демалыс шараларына балаларды қамтуда қиын балаларды, учаскелік полиция инспекторының есебінде тұрған жеткіншектерді назарға алуды тапсырды. Сонымен қатар шағынаудандар, кенттер аралық командалық турнирлер ұйымдастыруды ұсынды. Бұл жеткіншектердің зиянды әдеттерден аулақ болуына ықпал етіп, салауатты  өмір салтын қалыптастыруына септігін тигізері анық. Спорттық додаларда биік межелерді бағындырып, облыстың намысын, еліміздің  Көк туын биікке көтеріп жүрген «Ақжайық», «Грация-kz», «Ястребы» сынды командалардың баннерлерін қала көшелеріне орналастыру арқылы да жеткіншектердің  спортқа қызығушылықтарын оятуға болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
162 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
277 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
526 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1021 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1056 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1404 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1636 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1723 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1834 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1841 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1872 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1875 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1979 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2200 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»