8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2021 2297 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Орал қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік ұйымдардың ұжымдары, шаһар тұрғындары, еріктілер белсене атсалысты.

Санитарлық-экологиялық тазалық айлығы аясындағы жалпықалалық сенбілік аясында көшелерді тазалау, ағаш түптерін әктеу, жаңа тал-теректерді түптендіру жүргізілді.

Сенбілікке қала аумағындағы кәсіпорын ұжымдары белсенділік танытты. Олардың қатарында «Аққайнар» АҚ, «Зенит» зауыты, «СтеклоСервис» ЖШС, «Алтындар» дүкендер желісі және басқа да ұжымдар бар. Мәселен, «Аққайнар» АҚ қызметкерлері Ә.Молдағұлова көшесінің бойын, зениттіктер Сарайшық көшесінде тазалық жүргізді.

– Біздің айналамыздың тазалығы – біздің келбетіміз. Әр уақыт зауыт маңына тазалық жүргізіп тұрамыз. Бүгін жалпықалалық сенбілікті қолдап, 30 шақты қызметкеріміз шықты. Олардың  дені – зауыттың тынысына белсене қатысып жүрген жастар. «Тазалық ластамаған жерде болады» деген бар. Қалалықтарды тазалықты сақтауға, туған қаламызды ластамауға шақырамын және ұл-қыздарын да бала кездерінен туған жердің  тазалығына жауапты екендіктерін сезіндіріп тәрбиелесе деген тілегім бар, –  дейді зауыттың бас инженерінің орынбасары Серік Дәулетияров.

Спорт саласы қызметкерлері қала аумағындағы спорт алаңдарын жазғы маусымға дайындауды жүргізді.

Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындары да бүгінгі сенбілікте  аулаларын жинап, айналаны ретке  келтірді. ПИК-тердің  ұйымдастыруымен Ружейников көшесінің, 4-үй мекенжайының Зашаған кентіндегі Б.Жәнекешев көшесі, 4-үй тұрғындары тазалық жүргізумен қатар ауладағы тал-теректің түптерін қопсытып, әктеп және жаңадан  алма ағашының көшеттерін отырғызды.

Десе де қала әкімінің  орынбасары Ерлан Ғалиев пәтер иелері  кооперативтері мен гараж кооперативтеріне тазалық шараларын ұйымдастыруда әлі  де белсенділік қажеттігін атап өтті.

Сенбілік аясында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жауапты сала мамандарымен бірге қала көшелерін аралап, қаланың санитарлық тазалығын тексерді. Қаланы аралау барысында санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін бірқатар нысандардың иелерімен тілдесіп, оларға кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін ескертті. Ғимараттар алдын тазалау, қасбеттерін реттеу, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар құзырлы бөлімдер мен коммуналдық мекемелер басшыларына қала көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту, алаңдарға көшеттер отырғызу, жалпы қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
106 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
365 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
624 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
865 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
900 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1053 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1247 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1482 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1569 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1678 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1686 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1716 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1721 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1824 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2045 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2352 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»