8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2021 3384 0
Қоғам

ОРАЛДА «АТАМЕКЕН» ӨНЕР ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығына тарту болған айрықша архитектуралық үлгідегі ғимараттың ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжанов пен БҚО әкімі  Ғ.Есқалиев қатысып, өңір жұртшылығын мәдениет нысанының ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар салтанатты рәсімге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын А.Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы А.Мұсақожаева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Б.Хасанғалиев және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының делегациялары қатысты.

Тұңғыш Президент алаңында салынған өнер ордасы үш қабатты. Нысанның іргетасы  2019 жылдың маусымында құйылған болатын. Сәулетті ғимараттты салуға  ҚПО б.в компаниясы есебінен 9 465, 254 млн. теңге  жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «Альтаир» ЖШС жүргізді.

Рухани қазына орталығына айналар өнер ордасының ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңір халқын құттықтап,  өңірге жұмыс сапарын қорытындылап өтті.

– Ерекше, қасиетті Батыс өңіріне бүгін жұмыс сапарымен Үкімет мүшелері  келдік. Облыста жүзеге асырылып жатқан үлкен жаңалықтарға көзайым болдық. Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында қойған нақты бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік. Оның ішінде коронавирус індетімен күрес жүргізуге байланысты  медицина саласындағы бірқатар мәселелер көтерілді. Білім саласы бойынша облыстың деңгейінде шешіліп жатқан сұрақтар және 2022 жылға дейінгі шешілетін мәселелерді бірге талқыладық. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсететін орталықтардың ашылуына куә болдық. Бизнес саласы өкілдерінің әлеуметтік салаға – өнер мен білімге ерекше көңіл аударуын, нақты іс-әрекеттерін көрдік. Бұл – ел азаматтарының жүректерімен елдің қажеттілігін тани білуі деп қабылдауымыз қажет. Сөз жоқ, облыс әкімінің қолдауымен іске асырылып отырғанын да жақсы білеміз. Елдің өсуі мен өнуі ең алдымен оның мәдениетімен тікелей байланысты. Осыдан төрт ай бұрын бұл орталықтың құрылыс жұмыстарын бағамдап кеткен едік. Бүгін көріп отырғанымыздай, алыстан қарағаннан-ақ жүректі баурап алатын үлкен мәдениет ордасы дүниеге келді. Тәуелсіздіктің арқасында салтымыз бен дәстүріміз де, еліміз де көтерілді десек артық айтқаным емес. Тәуелсіздіктің арқасында Батыс Қазақстанда осындай зәулім мәдениет ордасы бой көтерді. Осындай өнер ордаларының жұмыс жасауымен елдің рухы, халықтың намысы асқақтап, туымыз биікке желбірейді, – деді Ералы Лұқпанұлы.

Ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева жас ұрпақтың ертеңге қанат самғауына, өнер өріне шығуына осы сарайдың ықпалы тиеріне  сенімін білдірді.

– Затаевичтің ұлы далаға келіп, «маған күллі қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» дегенін бәріміз жақсы білеміз. Ресейден келе жатқан жолаушыға бірінші әнді тыңдатқан Жайық елі болса керек. Бұл жерде ұлы Құрманғазы күйшінің ізі жатыр. «Шіркін, Құрманғазыға егер Еуропа музыкасының сауатын берсе, Бетховен, Бах, Паганинилермен қатар тұрар еді-ау» деп армандаған баяндамаларды да тыңдадық. Егемендіктің арқасында талай нәрсенің есігін аштық. Әлемге ұлы даланың ұл-қызының дауысын таныттық. Егемендіктің арқасында Әбіштің сөзімен айтсақ, Қазақстанның Венасы атанған Оралда бүгін көптен армандаған салтанатты өнер ордасының ашылуына жеттік. Бүгін талайымыздың кеудеміздегі ұлы арман орындалған күн,  – деген Ақұштап Бақтыгерейқызы Динаның ізі қалған, Дәулеткерейдің сүйегі жатқан, Мұхиттың кесенесі тұрған топырақта және басқа да қазақтың өнерлі ұл-қыздарының бесігі болған Жайық елінде  ашылған сарайдың құтты орын болуын тіледі.

«Қарашығанақ петролиум оперейтинг» компаниясының бас директоры Джанкарло Рую көпфункционалды өнер орталығы құрылысының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл нысан ҚПО б.в. компаниясы мен облыс әкімдігінің өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы міндеттемелерді бұлжытпай орындауының нақтылығы, сонымен қатар Қарашығанақ кен орнының әлеуетін өңір инфрақұрылымын жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында қолданудың көрінісі екенін жеткізді.

Өнер ордасының лентасын қию рәсімін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның Еңбек Ері, скрипкашы Айман Мұсақожаева жасады.

Мәртебелі меймандарға ғимараттағы өнер бөлмелері таныстырылды.  ҚР Күйшілер Одағының төрағасы Асқар Кенжеғалиев жүргізетін АҚШ-тағы балаларға онлайн домбыра үйрету сабағы, Нидерланд, Италия және Батыс Қазақстан қылқалам шеберлерінің көрмесі мен музей көрмесі көрсетілді. Бірінші қабат фойесінде қонақтарды скрипкашылар ансамблі орындаған шығарма ырғағымен бишілер құрамы Вена биімен қарсы алды. Өнер ордасының ашылуына арналған концерттік бағдарлама Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі орындаған Құрманғазының «Серперімен» ашылды. Облыс басшысы Ғали Есқалиев салтанатты жағдайда  ашылған сәулет өнерінің тамаша туындысы ел Тәуелсіздігінің 30  жылдығына арналған сый екенін атап өтті.

– Туған елімізде тұғырымыз берік, халқымыздың мәртебесі асқақтап тұруы үшін жаңадан салынған өнер ордасына «Атамекен» атауын бердік. Бұл атау өңірдің дамуына еңбегі сіңген зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен қойылды. Өнер шаңырағының Тұңғыш Президент алаңында бой көтеруінің  символикалық мәні бар. Өйткені, киелі Тәуелсіздігімізді баянды етуге Елбасымыздың еңбегі ұшан-теңіз екені баршаға белгілі. Сән салтанаты келіскен өнер ордасы ұлтымыздың руханиятына қосылған тамшыдай болса да үлесіміз деп есептейміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныстыра алады» деп атап өтті. Бұл бүгінгі зиялы қауымның иығына артылатын жүктің салмақты екенін көрсетеді. Зиялылық классикалық білім алумен шектелмейді. Оның негізінде музыка, өнер, кітап оқу – бір сөзбен айтқанда өнер мен мәдениеттің мәйегі  жатуы тиіс. Руханиятқа салынған қаржыны болашаққа салынған кірпіш ретінде түсіну қажет. Мәселен, осыдан 20 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 10  жылдыған орай Оралда бұрын-соңды болмаған сәулеттік үлгіде қазақ драма театры бой көтерді. Бүгінгі ашылған еңселі өнер ордасы сол ізгі бастаманың заңды мұрагері, – деді Ғали Нәжімеденұлы. Сондай-ақ облыстағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы тұрақты қолдауы үшін ҚПО б.в компаниясына алғысын білдірді. Қазақ драма театры мен жаңа өнер ордасының құрылысын жүргізген «Альтаир» ЖШС-ға ризашылығын жеткізді.

Концертте өңірдегі өнерпаздармен қатар арнайы келген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Елена Низамутдинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Дина Хамзина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанна Орынбасарова, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Нұрлан Бекмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан Хасанғалиев өнер көрсетті.

Айта кетейік, жаңа ғимараттың жалпы аумағы 19 901,17 шаршы метр. Төменгі қабатта автотұрақ орны, декорациялар шеберханасы мен ас блогының қоймалары  бар. Бірінші қабатта 72 орындық кафе, кассалар, кезекшінің бөлмесі, әкімшілік кабинеттер, медициналық пункт, сахналық костюмдер қоймасы, киім ілу орны жасақталған. Екінші  қабатта  әкімшілік кабинеттер, экспозициялық және көрме залы, 50 және 25 адамға арналған мәжіліс залдары мен фуршет залы орналасқан.

Үшінші қабат бірнеше кабинеттерден, әмбебап дайындық залы, 36 адамға арналған конференц-зал, гримм бөлмесі, костюм бөлмесі, сонымен қатар 30 орындық әртістерге арналған кафеден тұрады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
210 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
247 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
411 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
601 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
843 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
922 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1030 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1038 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1064 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1075 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1182 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1397 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1715 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1597 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1706 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1697 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1827 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1874 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1815 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1826 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»