8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2021 1437 0
Қоғам

ОРАЛДА «АТАМЕКЕН» КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

            Орталықтың ғимараты бұрынғы аула клубы орналасқан нысан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жөндеуден өтіп, комьюнити орталық ретінде ашылып отыр. Жаңарған орталықтың салтанатты ашылуына  шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысты.

– Бүгін Орал қаласында балаларды қорғау күніне орайластырылған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі  қаламыздың тарихи орталығында «Атамекен» комьюнити орталығының салтанатты ашылуына куә болып тұрмыз. Бұл балалар клубы ретінде өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, мақсатына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеуде, балалардың шығармашылығын шыңдауда жұмыс жасап келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы – балаларымыз. Мемлекеттің басты мүддесі – біздің балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, денсаулықтарын сақтау. Денсаулықты сақтау – өзімізді қорғаудан, түрлі шараларға қатысу, табиғат аясындағы демалыстарды ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды жүргізуде балалар аула клубтарының, мәдени-ағарту саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін атап өту қажет. Соның арқасында балғындарымыз жан-жақты дамиды. Әрине бұл орталыққа келген балғындардың  бәрі жұлдыз болып кетпес, дегенмен белгілі бағытты қалыптастыруда, рухани көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алады деп сенемін. Жаңа орталық балаларымызға шаттық сыйласын, – деді Абат Абайұлы.

Аула тұрғыны Нұрғали Демесінұлы нысанды жаңартып, мерекеге орай сый жасағаны үшін қала әкімдігіне, мәдениет қызметкерлеріне алғысын білдірді. Үйірмелердің  тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетіп, қала әкімімен бірге тілек шарын ұшырды.

Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 5,8 млн. теңге жұмсалған.  Көрнекіліктер жаңаланып,  үйірмелерге қажетті жабдықтар алынған. Өнер орталығында асық ату, сурет, вокал, көркемсөз үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар енді Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы аясында Мұхит сыныбы ашылып отыр. Үш жүзден ән оздырған сал Мұхиттың ән-күйлерін әнші-термеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек ері» медалінің иегері Сағдат Рахметжанов үйрететін болады.

Айта кетейік, Оралда қалалық мәдени-ағату бірлестігіне қарасты 22 ұйым бар. Олардың 19-ы – аула клубы. Осы аула клубтары заманға сай өзгеріп көшіп, комьюнити орталықтары ретінде ашылуда. Бірлестік директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, бүгінде бес аула клубы комьюнити орталыққа айналған. Яғни енді балалар ғана емес, егде жастағы тұрғындар да орталыққа келіп бос уақыттарын өткізе алады.

– Комьюнити-орталық  таңертеңгі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін балалармен жұмыс жасаса, кешкі 18.00-ден кейін үлкендермен жұмыстар жүргізіледі. Үйірмелер тегін. Алдағы уақытта «Балауса», «Шабыт» аула клубтарын комьюнити-орталық бағытына өзгерту ұсынылып отыр, – деді Серік Тоқмамбетов.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

P.S. «Атамекен» комьюнити орталығы Н.Назарбаев даңғылы 151/2 мекенжайында орналасқан.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
372 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
511 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
548 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
820 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
835 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
959 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1260 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1352 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1378 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1589 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1861 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2083 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2127 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2268 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»