8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2019 1430 0
Қоғам

ОРАЛДА 6100 БҮЛДІРШІН БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАДАМ БАСТЫ

Жаңа 2019-2020 оқу жылында Орал қаласындағы 6100 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олардың 80 пайыздан астамы құжаттарын жаңадан енгізілген электронды жүйе бойынша тапсырған. №37 орта мектеп биыл 150-ден астам балғынды 1 сыныпқа қабылдап отыр. Жалпы биыл бұл мектепте 1196 шәкірт білім алмақ. Шаһардың солтүстік шығысында орналасқан «Самал» шағынауданындағы аталмыш білім ұясында «Білім күніне» орай өткен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиынына Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қатысып, білім әлеміне келген балғындарға сәттілік тіледі.

– Міне, бүгін еліміздегі барлық мектептер есіктерін айқара ашты. Бүгін білім алуға асыққан жас ұрпақ үшін айрықша күн. Бұл ­– мұғалімдер  мен ата-аналар үшін де ерекше мейрам. Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жаздың жаймашуақ күндері аяқталып, оқушылар өз алтын ұяларына оралды. Мектепке алғаш қадам басқан бүлдіршіндеріміз де ортамызда. Өздеріңізге белгілі дәстүрлі тамыз мәслихатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет пен жергілікті атқраушы органға білім сапасын жетілдіруге нық қадам жасау және шәкірттердің санасына ілім-білім нәрін құятын педагогтар мәребесіне қатысты нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Басталғалы тұрған жаңа оқу жылы Орал қаласындағы білім ұялары үшін де ерекше жыл болмақ. Кезекті оқу жылында қаладағы 51 мектепте 47 мың оқушы білім алады деп күтілуде. 6 мыңнан астамы 1 сыныпқа қабылданғандар. Осы балаларға тәлім беріп, өмірден өз орнын табуына оң септігін тигізу 3700-дей ұстазға жүктеліп отыр. Мемлекет тарапынан елдің болашағы болар бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бар мүмкіндіктер жасалуда. Жылма-жыл жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтеруде. Бұған жеке кәсіпкерлердің де үлесі мол. Өткен оқу жылында №51 мектеп пайдалануға берілді. Биыл №52 орта мектептің іргетасы қалануда, – деген Абат Абайұлы оқушыларға лебізін арнап, ұстаздар мен ата-ананың үмітін ақтау үшін білім шыңына шығуларына тілектес екенін, жаңа оқу жылының табысты болуын тіледі.

Шарада 1 сынып оқушылары білім күніне арнаған құттықтау лебіздерін оқып, мектептің өнерлі шәкірттері ән-бимен өрнектеді. Салтанатты жиынның басты символы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары, Азамат Қуатов, Шұғыла Ахметова және 1 сынып оқушылары Ақтілек Ықылас, Райхан Жақыповаға берілді.

Салтанатты жиыннан соң меймандарға мектеп тынысы, үйірме жұмыстары таныстырылды. Биылғы оқу жылы Қазақстандағы жастар жылы, ТМД елдері бойынша жарияланған Кітап оқу жылы, 2020 жылы өтетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы және 2020 жылға жарияланған волонтерлер жылының аталып өтілуімен сәйкес келеді. Осы орайда мектеп директоры Тамара Мұсақызы  жаңа оқу жылында мектеп «Кітап оқитын сынып» конкурсын ұйымдасытру, «Бірге оқимыз» отбасылық жобасын жандандыру, Абайдың 175 жылдығына орай басталған челлендж арқылы ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, экологиялық тәрбие мақсатындағы танымы мен тағылымы мол шараларды қолға алуды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Бұған дәлел ретінде мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсәуле Жәңгірова мен оқушылары Мұрадым Жәндетқали, Альбина Мұхамедиева Абайдың өлеңдерін көпшілік алдында оқып, челленджді қала әкімі Абат Абайұлына жолдады

Сондай-ақ мектеп директоры оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жеткіншектерді жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатындағы ата-ана, инспектор, педаог, психологтармен бірлесе жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті. Қала басшысы Абат Абайұлы әр үйірменің маңыздылығына назар аударды. Әсіресе «Мейірім» қыздар клубының жұмысын оң бағалап, клуб жұмысын жандандыруды, өмірлік тәжірибесі мол аналар мен әжелерді, өңірдегі белгілі тұлағаларды жиі шақырып кездесулер ұйымдастыруды тапсырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
192 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
306 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
555 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
820 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1049 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1084 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1238 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1432 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1664 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1751 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1862 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1870 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1902 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1902 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2007 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2228 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»