8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2021 1352 0
Дені сау ұлт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮШ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ОРЫНДАРДЫҢ ТОЛЫМДЫЛЫҒЫ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Бүгін, 5  сәуір күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.  

Коронавирус инфекциясы бойынша БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Бүгінде Орал қаласындағы инфекциялық ауруханалар толымдылығы 90-пайызды құрайды. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 77 адам қайтыс болған.

–  Аурудың өсу қарқыны тоқтамаса, өткен жылғы жаздағы жағдай қайталанады. Ауруханаларда орын болмай қалуы ықтимал, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Сондай-ақ өңір басшысы коронавирус індетінің қаупін еске салып, бұл кеселді  жеңудің ең басты құралы – вакцина және  санитарлық талаптарды сақтау шаралары екенін атап өтті. Осы орайда тұрғындар арасында вакцинаның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, вакцинаны аудандарға шалғай ауылдарға жеткізу, сақтау мәселелерін кедергісіз реттеуді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімдіктеріне тапсырды.  БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың  мәліметінше, бүгінге  дейін 6 мыңдай адам вакцина алған. Олардың 3099-ы – медицина қызметкері, 1468-і – педагог, 566-ы – құқық қорғау қызметкері. Сәуір айында ірі көлемдегі вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Алдағы күндері  ірі кәсіпорындарда қызмет ететін 4000-нан аса адамға екпе салынады.

Бұдан бөлек облыс басшысы өңірде той-томалақтың тоқтамай тұрғанын атады.

– Ауыл тұрғындары қалаға келіп той жасап жүргені туралы  ақпарат түсуде. Адамдарды  алаламай, бәріне  бірдей шара қолдану қажет. Той ұйымдастырушыларға ғана емес, тойға қатысқандарға да айыппұл салынуы тиіс. Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында  күніге  400-дей ауру жағдайы тіркелуде. Ауру жағдайы бойынша одан кейінгі орында біздің  өңір тұр. Бүгінгі таңда аурушаңдықтың артуына байланысты шектеу шараларын қатаңдатуға тура келіп отыр. Тек тәртіп арқылы бұл індетпен нәтижелі күресе аламыз, – деген Ғали Есқалиев облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе қатаңдатылған шектеу шараларын қабылдау мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ түнгі қозғалыс, мейрамханалардың жұмыс кестесін қайта қарау қажеттігін айтты.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
138 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
382 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»