8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2020 1073 0
Дені сау ұлт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ ЕМХАНАҒА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

          Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты. Демеушілер арқылы алынған жедел жәрдем көліктері екі қалалық емханаға берілді. Бұған дейін аймаққа гуманитарлық жүкпен өкпені жасанды желдету, импульстік оксиметр және оттегі концентраторлары аппараттары келген болатын.

Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қажетті жабдықты сатып алып, өңірлерге тапсырды. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысына 4 өкпені жасанды желдету құралы, 30 оттегі концентраторы, 60 пульстік оксиметр ұсынылған. Сондай-ақ, өңірге ShevroletDamas маркілі екі жедел жәрдем көлігі берілді.

– Демеушілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust Fund» көрсеткен көмек дер кезінде жасалған қолдау. Бұл жабдықтардың барлығы облыстық жалпы аурухана үшін коронавируспен күресте жақсы қорған болды. Осындай бірлескен күш-жігермен екінші толқынға дайындала аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар ауруларды емдеуде  қосымша құрылғылар қажет болатын басқа да науқастарымызға көмектеседі, – дейді облыстық көпбейінді аурухана директоры Арман Байдеуов.

«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған осындай жиынтықтар бар әр өңірге және республикалық маңызы бар қалаларға берілмек. «Самұрық-ҚазынаТраст» қорының ресми өкілі Мирас Иргебаевтың айтуынша, бұл шаралар біздің медицинаның жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының өршуіне қарсы тұруға дайындық деңгейін арттыру және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін жасалуда.

Бұл ретте меморандум шеңберінде Қазақстанның медициналық мекемелеріне барлығы 100 жедел жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 желдеткіш және 1000 пульстік оксиметр жеткізілген.

Жедел жәрдем машиналарының бірін алған №1 қалалық емхананың директоры Светлана Ермекқалиева  мұндай сыйлық үшін Samruk-Kazyna Trust компаниясына ризашылығын білдірді. Қазір ең көп халыққа қызмет көрсететін медициналық мекемедегі дәрігерлердің ұтқырлығы едәуір өсті. Осы клиникада бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, олар коронавирустық эпидемияның жедел кезеңінде тиімділігін көрсетті. Сол кезде қолда бар ыңғайлы машиналарды пайдаланған болса, енді қажетті құрал-жабдықтармен, жедел жәрдем көлігімен жабдықталған дәрігерлер тез арада шақырту орнына шығып, пациенттеріне медициналық қызмет көрсете алады, қажет болған жағдайда оларды ауруханаларға жеткізе алады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
108 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
328 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1191 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1551 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2166 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2334 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2340 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2393 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2875 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2928 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2925 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3506 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3492 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»