ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ ШЫҒАРЫЛДЫ
2021-2022 оқу жылы бойынша қала мектептерінің «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» мониторингісінің қорытындысы жарияланды. Үздік ондыққа енген мектептердің басшылары 15 маусым күні қала мектептері директорларының жиынында марапатталды.
Мониторингте 11 бағыт бойынша рейтинг жасалды. Оның ішінде оқушылардың білім сапасы, оқу озаттары, оқу екпінділерінің болуы, үлгермеушілердің төмен болуы, түлектердің «Алтын белгіге», «Ерекше аттестатқа» ұсынылуы, 9 сыныптар бойынша «Ерекше үлгідегі куәлік» иегерлері, 5-8 сынып оқушылары олимпиадасының қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері, оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар, байқау, спорттық жарыс, интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктері, мектеп ұжымындағы педагогтердің сапалық құрамы, педагогтердің қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаудағы, олимпиададағы табыстары, педагогтердің әдістемелік нұсқаулар, іс-тәжірибе таратуы назарға алынды. Рейтинг бойынша 6 номинант және 3 жүлделі орын, 1 бас жүлдегер анықталып, мектеп басшылары білім бөлімінің дипломы және ақшалай сертификатпен марапатталды.
Жақсы көрсеткіштері үшін М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры Азима Губашева, №16 ЖОББМ директоры Мария Кабакова, №19 ЖОББМ директоры Алтын Жумагалиева, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының директоры Бибигуль Тлекенова, №20 ЖОББМ директоры Нургуль Утегалиева, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының директоры Елжас Кадыров марапатталып, 100 мың теңге сертификат иеленді.
Мониторинг қорытындысы бойынша ІІІ орынды №42 «Ақниет» мектеп-лицейі алып, директоры Ерік Темірғалиев білім бөлімінің дипломы және 150 мың теңге сертификатпен марапатталды. ІІ орын иеленген №41 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы Алия Утебалиеваға білім бөлімінің дипломы және 200 мың теңге сертификат, І орын алған Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі директоры Шынар Сагынгалиеваға білім бөлімінің дипломы және 250 мың теңге сертификат табыс етілді.
Бас жүлдені №35 мектеп-лицейінің алды. Білім ұясының көшін бастаған мектеп-лицей директоры Леонид Черыкаев білім бөлімінің дипломы және 300 мың теңге сертификат ұсынылды.
Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу