8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қазан 2021 1253 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұстаздар күні  мерекесіне орай бүгін, 1 қазан күні «Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты…» атты  мерекелік шара өтті. Қала әкімі Абат Шыныбеков педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, озық тәжірибелі  педагогтерді марапаттады.

Жастар мәденет үйінде өткен шара сала ардагерлеріне құрмет көрсетуден бастау алды. Ардагер-ұстаздарға гүл шоқтары ұсынылып, олар қызыл кілеммен жүріп өтті.

Мерекелік салтанатты жиын «Қазақ даласындағы білім жолы…» қойылымымен ашылды.

Қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтау лебізінде ардагер-ұстаздар мен олардың салған сара жолын жалғастырушы  бүгінгі педагогтардың ел болашағын тәрбиелеудегі рөліне ерекше тоқталды.

– «Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулетшісі» деп бекер айтылмаған. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де тәрбиелейтін, білім беріп өсіретін сіздер. Сондықтан ұстаздардың қоғамдағы рөлі жоғары және өркениеттің дамуына сәйкес бұдан да зор мәртебеге ие екенін бәріміз білеміз. Қандай заман болмасын әр азамат үшін білім алу маңызды екені сөзсіз. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінді мейірімге бөлеп, тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, таудай болып шығуына, өмірде өз орнын табуына  негіз қалайтын өздеріңіз. Ұстаздарымыздың еңбегі әрқашан өлшеусіз  терең, барлық адамзат бұл өмірге әкелген ата-анасына басын иіп өтсе, әріп танытып, тұлға ретінде қалыптастырған ұстазына мәңгі қарыздар деген ойдамын. Бүгінде  мемлекеттің тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қолдаудың ерекшелігі  өздеріңізге мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласына, жаңа ұрпаққа жаңаша бағытта білім беру сапасын арттыруға бағытталған міндеттер ауқымды. Заман өзгеріп, жаңа технологиялардың енгізілуімен ұстаздарымыздың қызметі күрделене түсті. Қала мектептерінде  оқитын 55 мыңнан астам оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етіп келеді. Үздіксіз ізденіс, жан-жақты шеберлікпен берілген  білім нәтижесін шәкірттеріміз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларда жетістіктерімен көрсетті. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыздың көрсеткіші. Қадірлі ұстаздар, осы төл мерекеде сіздерге  денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеп, шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін демекпін, – деген Абат Абайұлы ұстаздар мәртебесін биіктетуде, оқушыларға білім беруде бекітілген мемлекеттік бағдарламалар лайықты түрде орындалып, жеткізілетінін айтты. Сондай-ақ «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлеріне алғыс хат пен сертификаттар табыс етті.

Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген «Орал қаласының Құрметті педагогі» байқауының нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдерге 100 мың теңгелік сертификат берілді. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін салада 29 жылдық еңбек өтілі бар, көптеген дарынды шәкірттердің жетекшісі, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнара Шоламбаеваға «Орал қаласының Құрметті  педагогі» төсбелгісі мен куәлігі және 300 АЕК (875 100 теңге) көлемінде сыйақы  берілді.

Бір топ білім саласы қызметкерлеріне Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының тарапынан «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табыс етілді.

Сонымен қатар республикалық «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңінің жүлдегерлері, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында оздырылған байқау нәтижесіне сәйкес білім беру саласын дамытуға мол үлес қосқан, педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізген педагогтер марапатталды.

Шарада қосымша білім беру ұйымдарының ұстаздары мен жас мамандар, шәкірттер өнер көрсетті.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
435 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
518 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
520 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
557 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
572 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
942 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1067 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1102 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1378 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1386 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1517 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1813 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1911 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1935 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2147 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»